28 episodes

Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын этика, дұрыс қарым-қатынас және қоғаммен байланыс сияқты майда заттарды талқылап, олардың ТҮЙЕДЕЙ салдарын болжап көреді.

Tuime Tuime Podcast

    • Society & Culture
    • 5.0 • 5 Ratings

Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын этика, дұрыс қарым-қатынас және қоғаммен байланыс сияқты майда заттарды талқылап, олардың ТҮЙЕДЕЙ салдарын болжап көреді.

    «Ренжуге рұқсат ет». Эмоциялық сауатты артырамыз

    «Ренжуге рұқсат ет». Эмоциялық сауатты артырамыз

    EQ - кішкене түсініксіз ұғым. Эмоционалды интеллект, эмоциялық интеллект, эмоциональный интеллект деген не? Біз осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Адам өзін таныса да өз эмоциясын танымағаны қалай? Оның салдары мен себептері неде? Эмоционал адамдар өз сезімін басқара ала ма? Ол қабілетті қайтып дамытады?



    Бұл санда біз өзіңді толыққанды танудың маңызы жайлы сөйлесейік деп шештік. Мінезіңді біліп, эмоцияны басқару пайдасын атап өттік. Бірақ оны басқаруға бола ма? Адамның эмоциясын қай кезде ақтап, қай кезде даттап алуға болатынын да тілге тиек еттік.



    Кейде сезімге шектеу қойып, робот болуымыз мүмкін. Кейде тас біткендей болып, ішті жібіте алмай жатамыз. Осының бәріне ат беріп, іштегі түсініксіз сезім үшін ат тергеу пайдасын да айттық. Қысқасы, әдеттегідей қызық санымызды ұсынамыз!

    Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!

    💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!

    Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.



    Бізге жазылыңыз! ⁠Instagram⁠ ⁠Telegram

    • 21 min
    Есейеміз: "мама, мен сиқырға әлі сенгім келед"

    Есейеміз: "мама, мен сиқырға әлі сенгім келед"

    Кішкентайында "өскенде білесің" дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай жасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның бәрі түсініксіз болған. Бірақ қазір түсіндік.  

    Ересек өмірдің кемшіліктері мен артықшылықтарын талдап тастадық. Артықшылықтарын табу үшін біраз ойландық енді. Бірақ таптық. Сіздерді қағанаттандырар, қызықтырар, ал кейде еліктіріп әкететіндей эпизод шықты. Айтпақшы, әдеттегідей шынайы әңгіме мен қызықты оқиғаға толы.

    Есею - өмір бойы жүретін процесс. Әр кезеңді өткен кезде адам қиналатыны, қиналып болған соң күлетіні мен сол кезеңге асығатыны жайлы білесіз бе? Біз осы ойды өрбіттік. Есею тек жас емес, ол тәжірибе мен өзіңді қайта таразылау, іздену, қабылдау әрі түсіну. Ересек өмірдегі жауапкершіліктің де жөні бөлек екенін ұмытпайық.

    Есеюге ынтық, сол процестен қиналып немесе бір кезеңді алқымдаған әр жанға қызық болар санымызды қабыл алыңыз.
    Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.

    Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер! 💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын. Бізге жазылыңыз! ⁠Instagram⁠ ⁠Telegram

    • 28 min
    Өлімді қабылдаймыз: "жаныңдамын"

    Өлімді қабылдаймыз: "жаныңдамын"

    Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы.



    Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды қалай қолдай аламыз? Жалпы, қолдау керек пе өзі?

    Адамға ең қатты әсер ететін эмоциялардың бірі - қайғы. Жақынын жоғалтқан адамның өмірі қалай өзгеріп, нендей қажеттіліктері болатыны жайлы талқылап, талдап, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық.

    Біз бұл құбылысты қабылдау жайлы сөйлесіп, сарапшымен ақылдасып шықтық. Өзінің көмегін көрсеткен Асель Садуға алғыс білдіреміз. Тақырып ауыр болған соң әуелі психологпен сөйлесіп, содан кейін өзіміздің бағамызды бердік. Сол себепті бұл сан әдеттегіден өзгеше.



    Өлім өмірдің соңы ма? Бәлкім бөлігі шығар? Мұны қалай қабылдаймыз? Ал қабылдау деген не?

    Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.



    Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!
    💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
    Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

    • 41 min
    Эмоционалды қызмет етеміз: "Шабыт бер, қолда, көмектес"

    Эмоционалды қызмет етеміз: "Шабыт бер, қолда, көмектес"

    Егер сіз көмек пен қолдау сұрап қана келетін адамдардан құлазып, достарыңызды жұбатамын деп шаршасаңыз, онда құттықтаймыз! Сіз эмоционалды қызметкерсіз!

    Эмоционалды қызмет чету деген не? Оны кім және не үшін көрсетеді? Сыпайылықтан айырмашылығы мен адамға әсері қандай? Ал салдары ше?
    Біз осы жайлы әрі эмоционалды қызмет етудің қанша қатынасқа балта шапқаны жайлы сөйлестік.

    Эмоционалды қызмет көрсетудің түрлері мен формалары көп. Оны достарға да көрсету жақсы, тек бәрі өз уақытында, ресурстар тоғысқанда болуы керек. Бұл эпизод осы жайлы.

    Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!
    💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
    Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

    • 24 min
    Комплимент айтамыз: "әдемісің, әдемі. Сұлулықтың әлемі"

    Комплимент айтамыз: "әдемісің, әдемі. Сұлулықтың әлемі"

    Комплимент дегеннің не екенін білесіз бе? Харассмент деген не? Ал токсик комплимент ше? Бұлардың айырмашылықтары қандай? Адам адамды не үшін мақтайды? Біз осы жайлы сөйлестік, дауластық, бір ойға келмедік.

    Адам адамды себепсіз мақтайды. Ал кейде арам оймен мақтайды. Біз осыны алға тартып комплимент тақырыбының түбін тестік. Дастан мен Заңғардың бастарынан өткен сәтті не сәтсіз комплимент айтылған жайттар өте көп екен. Қандай оқиға десеңіздер, тыңдап шығыңыздар!

    Комплиментті қалай қабыл алу керек? Ал айтқанда нені ескерген жөн? Біреудің көңіліне тимей, шабыт берер, іш жылытар жылы сөздің сыры қандай? Осыншама сұрақтың бәрі бір жарты сағаттық эптзодымызда бар. Тыңдап, баға беріңіздер!

    💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.

    Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

    • 29 min
    Дұрыс сынаймыз: "Бұл да өнер"

    Дұрыс сынаймыз: "Бұл да өнер"

    Біз көп сын айтамыз әрі көп естиміз. Десе де кейде сын сындырып жатады. Түйменің жаңа маусымында бұл тақырыпты да таразылағымыз келді. 



    Адамды дұрыс сынау, сындырмау, жандыру мен сын қабылдау қалай жүреді? Бұл санда сіздер жылататын сын мен жымитатын сын айырмашылығын біле аласыдар. Егер нақты көмек керек десеңіз, онда біздің формуламызды қолданыңыз. Қандай? тыңдаңыз. Дастан мен Заңғардың қызық әңгімелері мен пайдалы кеңестерінің жаңа легін қабыл алыңыздар! Құрметті Түйме тыңдарманы, біз оралдық! Күткеніңізге, адалдығыңызға рақмет! Біз қуат жинап, сағынып қайта келдік. Бұл санның сарыны басқа, вайбы бөлек! Сол үшін тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер! 

    💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.

    Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

    • 22 min

Customer Reviews

5.0 out of 5
5 Ratings

5 Ratings

Жазира Нурлыбекова ,

😍

Тақырыптар керемет! Сәттілік💚☘️

Бектұрғанова ,

Актуально!

Бастамаларыңызға сәттілік!👍❤️

Top Podcasts In Society & Culture

Inconceivable Truth
Wavland
The Interview
The New York Times
Stuff You Should Know
iHeartPodcasts
This American Life
This American Life
Shawn Ryan Show
Shawn Ryan | Cumulus Podcast Network
Expedition Unknown
Discovery