«Ойжұмбақ 2» (Inside out 2): Ер Төстікпен ұқсастығы, қазақша дубляждың деңгейі және Ұят
Listen now
Description
Бұл эпизодта бір апта бұрын шыққан Дисней мен Пиксардың «Ойжұмбақ 2» туындысын талқылаймыз. Тоғыз жыл күттірген мультфильмнің ерекшеліктерін, бас кейіпкерлердің эгосын және туындының бас идеясы неде екенін анықтауға тырысамыз. Эпизодта мына нәрселер талқыланады: Райли мен Ер Төстіктің ұқсас тұстары неде? Мультфильм Қазақстанда түсірілсе қай эмоция бас кейіпкер болатын еді? Қазақша дубляжға көңіліміз толды ма? Бұл эпизодта кинотанушылар: Еңлік Егеубаева және Нұргүл Абдулла. Қолданған джингл: ARO - S.O.Seni Подкасты қолдау үшін: 4400 4302 4721 9048 Akerke Oraz
More Episodes
Иа, иа, мен сәл тоқтап қалдым. Сәл сүрленіп қалған эпизодты қабыл алыңыздар. Бұл шығарылымда кинотанушы Нұргүл Абдулламен режиссер Қалдыбай Сейдановтың «Қадырдың бақыты» туралы сөйлестік. Бұл режиссердің соңғы туындысы екен. Жалпы эпизодта көбі біле бермейтін ақпарат көп. Тыңдап көріңіздер,...
Published 08/30/24
Published 06/23/24
Бұл эпизодта комик Ричард Гәдтің басынан өткен оқиғаға негізделген сериал туралы айтамыз. Сериал Нетфликстегі барлық рекордты жаңартты. Бүкіл әлем бұл сериалды талқылап жатыр. Эпизодта сталкиң, зорлық, құрбанды айыптау туралы көп айтамыз. Арасында өзіміз де Ричардты басында түсінбегенімізді...
Published 05/24/24