1. "Бәрі өлді. Мен ғана тірі қалдым" - Соғыс пен ашаршылық туралы әңгіме
Description
1-эпизодта Дина әже қандай заманда өмірге келгенін айтады. Біз жыл сайын туған күнімізді асыға күтіп, дүркіретіп тойлаймыз. Ал менің әжем өзінің нақты қай күні туғанын білмейді. Оның замандастары да "Алғашқы қар түскенде, бидай піскенде, күн жауған күні туғансың" деген белгісіз күннің бірінде туған. Ұлы Отан соғысы кезінде әкесі Қойшыбай Кузбасқа қара жұмысқа алынып, 7 мжыл шахта қазған, ал анасы колхоздың жұмысын істеген.
Әжемнің айтуынша, 7-8 ағайынды болыпты. Қанша аға-әпкесі болғанын нақты білмейді. Себебі әжеме дейінгі балалардың бәрі өле беріпті. Тек әжеден кейін туған Ділдаш пен Айтқазы (інісі мен сіңлі) ғана есінде. Бірақ әжем есін енді біле бастағанда екеуі де қызылшадан қайтыс болған. Сөйтіп, Дина әже бір әулеттен жалғыз тұяқ боп қалған. Дина әже қалай тірі қалды? Соғыс жылдары қазақтар қалай өмір сүрді? Толығырақ эпизодтан тыңдай аласыз.