Episodes
Бұл эпизод өте ерекше әрі әсерлі. Себебі мұнда бала асырап алу туралы айтылады.  Дина әже 18 жасында 9 жасар қызды қалай асырап алды?  Қазақша бірауыз білмейтін кішкентай жетім қызбен қалай тіл табысты?  Әкесі Қойшыбай неге 80 жасқа келгенде қайта үйленді?  Осы оқиғалар қызық болса, толығырақ білгіңіз келсе, әженің әңгімесін бірге тыңдайық! Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист...
Published 07/24/21
Published 07/24/21
Жемқорлық қазақ халқында бұрыннан бар ма? Ол қашан, қалай пайда болды?  Күнделікті өмірде жемқорлықтың қандай оқиғасымен жиі ұшырасамыз? Журналистер, БАҚ жемқорлық туралы жазып жүр ме? Бүгінгі эпизодта Дина әже тарихшы ретінде түрлі тарихи кезеңдегі қоғамның бейнесін әңгіме, оқиға арқылы баяндап береді. Егер сізге бұл тақырып қызық болса, әженің әңгімесін бірге тыңдайық! Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту...
Published 07/11/21
"Қашықтан оқу мен сырттай оқу. Сапалы білім алу үшін не істеу керек?" атты эпизодта Дина әжемен қашықтан оқу туралы әңгімелесеміз.  Қашықтан оқуға ұқсас оқу жүйесі бұрын болған ба?  Дина әже немерелеріне қашықтан оқу кезінде қалай көмек көрсетті?  Онлайн оқу білім сапасына қалай әсер етеді? Пандемия кезінде сапалы білімге қол жеткізу үшін не істеу керек?  Бүгінгі эпизодта осы сұрақтарға жауап беріп, Дина әже өзінің қырық жылдық ұстаздық тәжірибесімен бөліседі.  Олай болса, әженің...
Published 06/24/21
Бұл эпизодта Дина әже феминизм, еркек пен әйелдің теңдігі туралы сөз қозғайды. Үш ұрпақтың сабақтастығы арқылы гендерлік теңдіктің қазақ қоғамында қалай көрініс тапқанын баяндайды. Эпизодта:  16 жасында 47 бас қалыңмалға сатылған Таңсық әженің тағдыры, оның 20 баланы өмірге әкелуім баяндалады.  Өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққан Күлімханның оқиғасы айтылады.  Дина әже КСРО кезінде қалай отбасын құрғаны туралы әңгімелеп, қазіргі жастардың арасындағы түсініспеушілік пен теңсіздік...
Published 06/14/21
3-эпизодта Дина әже әкесінің Кузбастан оралған сәтін баяндайды. Әкесі көзінен басқа жерінің бәрін қотыр басқан жыланкөз ауруынан қалай жазылды? Соғыстан кейінгі жылдары жергілікті халық қалай тұрмыс кешті? Бір киім сатып алу үшін қанша еңбеккүн керек? Бүгінгі эпизодта осы сұрақтарға жауап таба аласыз. Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын! Махаббатпен #маражо Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін: E-mail: [email protected] WhatsApp:...
Published 11/11/20
"Әжемнің әңгімесі" подкастының 2-эпизодында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткендер туралы айтылады.  *Кузбастағы қазақ қыздары неге үш күннің ішінде ізім-ғайым жоғалып кетті?  *Товарный пойызға тиелген қазақтар қандай қиындықпен қызмет етті?  *Қызметтен қашып кеткендер қудалауға ұшырады ма, қалай тірі қалды? Эпизодта осы сұрақтарға жауап беретін оқиғалар туралы тыңдай аласыз. Сондай-ақ, бұл эпизодта соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігі...
Published 10/13/20
1-эпизодта Дина әже қандай заманда өмірге келгенін айтады. Біз жыл сайын туған күнімізді асыға күтіп, дүркіретіп тойлаймыз. Ал менің әжем өзінің нақты қай күні туғанын білмейді. Оның замандастары да "Алғашқы қар түскенде, бидай піскенде, күн жауған күні туғансың" деген белгісіз күннің бірінде туған. Ұлы Отан соғысы кезінде әкесі Қойшыбай Кузбасқа қара жұмысқа алынып, 7 мжыл шахта қазған, ал анасы колхоздың жұмысын істеген. Әжемнің айтуынша, 7-8 ағайынды болыпты. Қанша аға-әпкесі болғанын...
Published 10/02/20
Сәлем, достар! "Әжемнің әңгімесі" подкастына қош келдіңіз! Мұнда өткен тарих, бүгінгі өмір мен болашаққа болжам айтылады. Үш шақтан да үмітті 80 жастағы Дина әже маңызды тарихи кезеңде қалай өмір сүргенін баяндайды.  "Әжемнің әңгімесін" кім, не үшін тыңдауы керек? Сіздің ата-әжеңіз бар ма? Оның ертегісін, әңгімесін, кеңесін тыңдап өстіңіз бе? Егер ата-әжеңізді көрмеген болсаңыз, менің әжемнің әңгімесі бәріне ортақ. Себебі ол сіздің ата-әжеңіздің замандасы, бір қоғамда, бір тарихи кезеңде...
Published 09/29/20