7. Жемқорлық қашан, қалай пайда болды? Оның қазіргі салдары туралы
Listen now
Description
Жемқорлық қазақ халқында бұрыннан бар ма? Ол қашан, қалай пайда болды?  Күнделікті өмірде жемқорлықтың қандай оқиғасымен жиі ұшырасамыз? Журналистер, БАҚ жемқорлық туралы жазып жүр ме? Бүгінгі эпизодта Дина әже тарихшы ретінде түрлі тарихи кезеңдегі қоғамның бейнесін әңгіме, оқиға арқылы баяндап береді. Егер сізге бұл тақырып қызық болса, әженің әңгімесін бірге тыңдайық! Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат. Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын! Махаббатпен #маражо Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін: E-mail: [email protected] WhatsApp: +77756507327; +905528990569 https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/  https://www.instagram.com/mara_zho/
More Episodes
Бұл эпизод өте ерекше әрі әсерлі. Себебі мұнда бала асырап алу туралы айтылады.  Дина әже 18 жасында 9 жасар қызды қалай асырап алды?  Қазақша бірауыз білмейтін кішкентай жетім қызбен қалай тіл табысты?  Әкесі Қойшыбай неге 80 жасқа келгенде қайта үйленді?  Осы оқиғалар қызық болса,...
Published 07/24/21