Episodes
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік қуыршақ театрының орындауында, Қырғыз халқының ақыны, драматург, әдебиеттанушы - Мырзабек Тойбаевтың "Сиқырлы сөз" ертегісін ұсынамыз.
Published 02/24/21
Барлық әлем балаларына танылған, ағайынды Гримдардың  "Ақшақар және жеті гном" ертегісін ұсынып отырмыз.
Published 02/24/21
Назарларыңызға қазақ халқының "Ғажайып бақ" ертегісін ұсынамыз. Ертегіні дыбыстағандар театр және кино актерлері - Сағаділдә Үсіпәлі және Толқын Дүйсенқызы.
Published 02/24/21
Назарларыңызға Қазақ халқының "Жыланқабықты жігіт" атты ертегісін ұсынамыз. Ертегіні дыбыстағандар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Қуыршақ театрының әртістері - Әбусамат Түсіпбаев және Жанагүл Шәмші.
Published 02/24/21
Назарларыңызға Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, драматург Сая Қасымбектің "Жалқаубектің жауабы" қойылымын ұсынамыз. Қойылымды дыбыстағандар Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының артистері.  
Published 02/24/21
Хабарда ертегі, аңыз, балаларға арналған қазақ және әлем жазушыларының шығармаларын және ұлы тұлғалардың ғибратты әңгімелері кәсіби актерлардың, сөз шеберлерінің орындауында радиоспектакль жанрында беріледі.Балаларды әдебиет пен сөз өнеріне баулу. Редакторы: Толқын Сұлтан
Published 10/31/20
Бүгін назарларыңызға түркітілдес бауырларымыз башқұрт халқының «Жетім түлкі» ертегісін ұсынамыз. Бұл ертегіде еңбектенбей тамақ ішіуді ойлаған қу түлкінің қылымысы әшкереленеді. Хайуанаттар ертегісі болса да, еңбекке, достыққа, сыйластыққа шақыратын әдемі ертегі.
Published 02/14/20
Бүгінгі ертегіміз қазақтың тамаша ертегісі «Алтын сақа». Алтын сақа халықымыздың қиялынан туған қиялынан туған әлеуметтік теңсіздікті бейнелейтін ертегі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегі деуге болады. Алтын сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.
Published 01/26/20
Қырғыз халқының ертегісі. Кейіпкерлер мен орындаушылар: Бозторғай - Ләззат Тиышбекқызы Қурай - Бағдагүл Рахметқызы Ешкі - Айнұр Шәмші Қасқыр – Ермек Тұрғанбеков Бақташы – Рүстем Жүніс Тышқан - Айнұр Шәмші Жел - Ләззат Тиышбекқызы Бай - Ермек Тұрғанбеков Автордың мәтінін оқыған – Толқын Сұлтан
Published 01/19/20