#109. Ақниет Байбоз: 200 доллармен басталған бизнес, докторантура және спорт
Listen now
Description
Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы - Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік. 00:00 - Ақниетті таныстыру 2:17 - Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым 3:34 - Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді 5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ ... 6:42 - Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді 7:00 - Барахолкаға барып,  бизнес идеямды айттым: ол келісті 7:27 - Жарнамаға $200 салдық 8:08 - Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс - серіктестер 8:41-  2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық 10:20 - Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак 11:25 - Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік 15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады? 17:10 - Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек 20:00 - Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы 20:50 - Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды 23:00 - Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық 23:50 - Цех салғымыз келді, бәрі жақсы,  бірақ ... 26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым 29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді 36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын 37:50 - Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым? 44:20 - Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді 50:10 - Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау. 55:40 - Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық 59:25 - Саяхат жасаудың үш деңгейі 01:02 - Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар
More Episodes
Бүгін бізде қонақта сценарист, продюсер Жамал Жақсытай. Ол «Тағы да сүй», «Мұздағы жалын», «Таңшолпан», "Ұрлаудан басқа амал жоқ" тәрізді фильмдердің телехикаяларының түсіріліміне қатысқан, өз қолтаңбасын қалдырған.  Оның инстаграмдағы аккаунты: @baqytty_jamal Уақыт кодтары: 02:10- Кино әлеміне...
Published 03/13/21
Бұл эпизодқа сіздер бұрыннан таныс Жадыра (#105 эпизод), Индира (#103 эпизод ) және Динара (#102, #99 эпизодтар) қатысты. Біз 2020 жылдың соңғы күндері жиналып, 2021 жылдағы мақсаттарымызбен және жылды жоспарлау жолдарымызбен бөлістік. Эпизод әдеттегіден өзгеше, себебі ұзағырақ және табиғи...
Published 01/10/21