Kazakh Language - Gospel of John 19: 1-18.mp4 / Казахский язык - Евангелие от Иоанна 19:1-18.mp4
Listen now
Description
Kazakh Language - Gospel of John 19: 1-18.mp4  //Бірінші Қорынттықт - 15-тарау -Мәсіхтің қайта тірілгендігінің куәгерлері1 Ал енді, бауырластар, мен сендерге уағыздаған Ізгі хабарды тағы да естеріңе салғым келеді. Сендер оны қабылдап, сенімдерің нығайып келді. 2 Егер оны дәл мен уағыздағандай берік ұстансаңдар, осы Ізгі хабар арқылы құтқарыласыңдар; әйтпесе оған бекерге сенгендерің. 3 Менің қабылдап алып, сендерге жеткізген ең басты хабарым мынау болды: Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын құрбан етті. 4 Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді. 5 Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді.※ 6 Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді: олардың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қайтыс болды. 7 Содан кейін Мәсіх Жақыпқа,※ сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді. 8 Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған※ мен де Мәсіхті өз көзіммен көрдім. 9 Елшілердің ішіндегі ең лайықсызымын, елші деп аталуға да тұрмаймын, себебі мен Құдайдың қауымын қуғындадым. 10 Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді. 11 Мен бе, әлде өзгелер ме, бәрібір, біз жариялаған, сендер сенген Ізгі хабар — осы.
More Episodes
 / Kazakh Language - Gospel of John 19: 19-42.mp4 //ЖОХАН 1 - Мәсіх Иса — Құдайдың адамзатқа арнап өз ойын білдірген «Сөзі»1Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. 2Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. 3Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған....
Published 01/27/23
Католики в Казахстане Красота, страдания и советские депортации.mp4 / Catholics in Kazakhstan Beauty, Suffering & Soviet Deportations.mp4 //Бірінші Қорынттықт - 13-тарау1 Егер мен адам тілдері мен періште тілдерінде сөйлей білсем, бірақ сүйіспеншілігім болмаса, онда сыңғырлаған қоңырау мен...
Published 11/20/22