Словенияны жеңсек Еуроға шығамыз. Қуат Хамитке жауап
Listen now
Description
H тобында аш қасқырлар көп. Әзірге бұл топтан еш команда Еуро-2024 додасына жолдама алған жоқ. Словения, Дания және Қазақстан құрамалары соңғы турға дейін топтан шығуға таласады. Өйткені жолдама алуға деген мүмкіндік осы үш құрамада ғана қалды.   Бүгінгі подкаста Копенгагендегі жеңіліс (Дания), Хельсинкидегі ұлы жеңіс (Финляндия) туралы айттық.   Сырт алаңдағы екі ойынды өз көзімен көріп қайтқан белгілі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен және спорт комментаторы Уәлихан Қосанбай ұлттық құраманың Еуроға мүмкіндігін, үмітін айтты.   Қазақстан құрамасы іріктеу сынындағы қалған екі матчта жеңіске жетсе (Сан-Марино, Словения), 2024 жылы Еуро финалдық кезеңінде атой сала аламыз ба? Әлде Қазақстан Еуро додасына Ұлттар лигасы арқылы шыға ма? Біз енді Уатсаптамыз, жазыл, Бірінші бол! - https://whatsapp.com/channel/0029VaD42221yT2CzbQszq1m https://1bol.kz/   Подкаст жүргізушісі: Олжас Байбосын - https://instagram.com/olzhas_baibosin Подкаст қонақтары: Ермұхамед Мәулен - https://instagram.com/e.maulen Уәлихан Қосанбай - https://instagram.com/ualikhan_kosanbay
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24