Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің ойынша, Қазақстанда жетістікке жеткен жас таланттардың көбі тоқмейілсіп, даму жолынан шығып қалады. Тіпті, бұл барлық салаға қатысты көрінбейтін "індет" екенін айтты. Әлі күнге дейін екі дүркін олимпиада...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ сегментіндегі Sky Sports болмақ. Өйткені, бұдан былай Қазақстанның бірнеше клубында ойнаған, ұлттық құрама сапында 17 матч өткізген Елдос Ахметов тұрақты сарапшымыз болады.  Елдос Ахметов ҚПЛ және...
Published 04/27/24
Алдияр Жапарханов БІРІНШІ БОЛ қонағы болуға былтыр уәде берген. Бірақ павлодарлық "Ертіс" клубының жағдайына алаңдап, банкроттыққа шақ қалған тарихи команданы қайта жандандыру жолында аянбай қызмет етіп, футбол туралы подкастымызға енді ғана жолы түсіп отыр. Бүгінгі әңгімені ЕУРО-ға екі қадам қалғанда сүрінген Қазақстан құрамасы және еліміздегі спорт инфрақұрылымынан бастадық. "Астана Арена" жабық, онда жөндеу жұмыстары, Көшпенділер ойынына дайындық жүріп жатыр. Алматының орталық стадионы да...
Published 04/09/24
Көпшіліктің сұрауы бойынша белгілі әнші Нұрлан Еспанов тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Нұрекең шашы желбіреп отырып елді елжірететін әңгіме айтып берді.  Нұрекең әңгіме айтуды "өнер" деңгейіне жеткізген. Майын тамызады, тыңдаған адамның аузының суын ағызады.  Нұрлан Еспанов бұл жолы да көсілді, түсірілім басталған сәттен бастап қамшы салдырмады. Әдемі әзілін де, ішіндегі ғыжылын да айтып, шер тарқатты. Тіпті, өзін келемеждеп, мазақ ететін оқырманына жауап та берді. Ол футбол мен әзілді...
Published 04/07/24
Футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталғаны жаңа еді, ұлттық құрама халықаралық үзіліске шығып кетті.  Соңғы уикендте ішкі біріншілік қайта жанданып, кей клубтар 3-турын, кей клубтар 2-ші матчын өткізді.  ҚПЛ-ге қатысты сұрақ көп.  Кеше "Астана" - "Елімай" арасындағы матчта семейлік клубтың негізгі құрамында бір қазақ футболшысы шыққан жоқ. Дені - легионер. Қазақстандық футболшылардың арасында тек Сергей Кейлер мен Дмитрий Шмидт қана жүр. Бүгін осы матчты және ҚПЛ аясындағы басқа да...
Published 04/07/24
Астана қаласында Афина олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің де боксшылары қатысып жатыр. 14 салмақ категориясы (жастар – 7, жасөспірімдер – 7) бойынша төрт елден жиналған 286 спортшы бақ сынап жатыр.  Осы дода қарсаңында той иесі Бақтияр Артаевпен арнайы әңгіме құрып, қазақ боксының қазіргі жай-күйі, Париж олимпиадасы жайлы талқыладық. Олимпиада чемпионы...
Published 04/01/24
Бүгінгі әңгімеміз – аралас жекпе-жек, MMA, UFC, поп-ММА тақырыбында болды. БІРІНШІ БОЛ қонағы – спорт менеджері, промоутер, қоғам белсендісі Нұраддин Садықов.  Нұраддин бұл спорттың әлі де пайда әкелетін бизнеске айналмағанын алға тартты. Ол үшін менеджерлік компаниялар Шавкат Рахмонов сынды атағы жер жаратын, даңқы аспандаған жауынгер жасақтауы керек.  Қазір OCTAGON лигасы әлемге танымал UFC жұлдызын жасақтау үшін барын салып жатыр екен. Нұраддин Садықов "Менің мақсатым – кемі екі-үш Хабиб...
Published 03/26/24
Алда Қазақстан ұлттық құрамасының маңызды ойыны келе жатыр. ЕУРО жолында Грекияға қарсы ойнаймыз. Осы маңызды матч алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Подкаста елдегі стадион мәселесі, ҚПЛ-дегі легионерлер саны, Федерацияның атқарып жатқан жұмысы және алдағы жоспары талқыланды. Қазір "Ақтөбе" сапында жарқырап жүрген қандасымыз Ыдырыс Омаев жақын арада Қазақстанның көк паспортын алып, Грекияға қарсы матчта ұлттық құрама сапында...
Published 03/19/24
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу турнирі аяқталды. Биылғы додаға елімізден 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ел намысын қорғады. 11 спортшының бесеуі Париж олимпиадасына жолдама алды.  Қыздар құрамасы бұл турнирді өте сүреңсіз өткізді. Бірде-бірі Парижге лицензия ала алмады. Бапкер ауысуы керек пе, қыздар боксына қандай реформа керек? Римма Волосенко әділетсіздікке ұшырады ма? Оны неге қорғап қала алмадық?  Махмуд Сабырхан 57 келіде атой сала ала ма? Оның таланты...
Published 03/19/24
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ойындарының екінші туры аяқталды. «Тобыл» мен «Астана» әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Ал, ел чемпионы «Ордабасы» мен чемпионаттың басты фавориті «Қайрат» сырт алаңда тең ойнап, маңызды ұпайдан айрылды. «Шахтердің» халі мүшкіл. Бүгінгі подкастта спорт журналисі Бек Төлеуовпен ел чемпионатының соңғы турына шолу жасадық.
Published 03/19/24
Биыл Қазақстан премьер-лигасында біраз өзгеріс бар. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атауы (ҚКФЛ) Qazaqstan Football League (QFL) болып өзгерді. Кей клубтардың қаржылық қиындығына байланысты осы маусымда чемпионатқа 14 емес, 13 команда қатысады. Клубтағы легионерлер санына қатысты шектеу жеңілдетілді. Биыл ҚПЛ матчтары "QazSport", "Q Arena" және "Q Football" арналарынан көрсетіледі.  Қазақ футболындағы осы және басқа да өзгерістер жайлы, сондай-ақ ұлттық құраманың Грекияға қарсы алдағы...
Published 03/04/24
БІРІНШІ БОЛ алғаш рет хоккей тақырыбына подкаст арнап отыр. Қонақтар - белгілі хоккей комментаторы Жігер Әзберген және хоккей клубтарының баспасөз саласында істейтін Бекежан Ардақұлы. Қазақстан хоккейі дегеніміз тек "Барыс" емес, қазір ұлттық құрамада жүрген жігіттердің дені Ресейдің, Еуропаның клубтарында ойнап жүр. Бұл ішкі бәсеке үшін де, Қазақстан хоккейінің болашағы үшін де маңызды. "Барыс" неге биыл бәрінен жеңіліп жатыр? Командаға реформа керек пе?  Атақты NHL-де ойнайтын қазақ...
Published 02/25/24
Нағыз футбол енді басталады, ұйқысыз түндер енді жалғасады. Өйткені, бүгін түнде Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі басталады. Кім фаворит, кім аутсайдер? Еуропа футболында не жаңалық? "Ордабасы" Еурокубокта ұзаққа шаба ала ма, Қазақстанға атақты "Реал Мадрид" клубын әкеле ала ма? Бүгінгі подкаста осы тақырыптарды қаузадық. Танымал әзілкеш Марат Достаев пен Мағжан Нұрғали (bayGUYS резиденті) Чемпиондар лигасының плей-офф матчтарына болжамын жасады.  Кішігірім спойлер – Марат та, Мағжан да...
Published 02/25/24
Бүгінгі подкаста дзюдо туралы сөйлестік. Париж олимпиадасынан үміт бар ма? Елдос Сметовтен үміт күнкендей, қай спортшыға үміт арта аламыз?  Спорт журналисі Әйгерім Тоқсанбек федерация жұмысы мен ондағы проблемалар туралы айтты. Спорт ғылымы, нақты стратегия сөз болды.  Бұрын дзюдодан Азия балуандары дес бермеуші еді, Еуропа қалай Азияның алдына түсті? Ғылым неге алға шығып, талант аздық ететін болды? Осының бәрін подкаста талқыладық.
Published 02/15/24
Танымал әзілкеш Марат Достаев тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Подкаста стадион салу, Абаттың трансфері, Азия кубогында атой салған өзбек пен тәжік футболы сөз болды. Сарапшылар Медиалиганы қатты сынады. Ермұхамед Мәулен Медиалигадағы арзан шоу мен жиі болатын төбелесті спортқа жат қылық деп есептейді. Марат Достаев болса, атына сай Медиалигада нағыз танымал (медиа) тұлғалар ойнағанын жөн санайды. Өйткені, кейбір командаларда әртістерден гөрі кәсіби футболшылар қаптап жүр.  Подкаст қонағы...
Published 02/07/24
Бүгін легионерлер мәселесін сөз еттік. Футболдағы, олимпиадалық спорт түрлеріндегі келімсектердің жайы қозғалды. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан атынан шыққан 101 легионер қазір өз еліне оралып, тарихи отанында тұрып жатыр екен.  Қазақстан намысын қорғаған легионерлердің бәрі медаль әперіп жатыр ма? Жоқ. Спорт журналисі Аслан Қаженов легионерлердің қызметіне жүгіну Өзбекстан тәжірибесінде де барын, бірақ көрші елде ол сәтті жүзеге асып жатқанын айтты.  Жапония спортында алдағы 100 жылға...
Published 02/03/24
Жандос Айтбайұлы - Қазақстан телеарналары футболдан әлем чемпионатын, олимпиада ойындарын толық көрсете бастаған жылдардан бастап халықаралық жарыстардан қазақ тілінде репортаж жасаған спорт журналистикасының буыны.  Спорт сарапшысы бастапқыда қазақтілді комментаторлардың көп сыналғанын, сол сыннан шыңдалып шыққанын айтып берді. Соңғы уақытта ҚПЛ-де ойнайтын легионерлерге қойылатын шектеуді жеңілдету мәселесі қоғамда қатты талқыланып жатыр. Жандос Айтбайұлының да ҚФФ президентінің шешіміне...
Published 02/03/24
Азамат Рзағалиев – вайнер, актер және футбол жанкүйері. Өзі де бала күнінде доп теуіп, профессионал футболшы болуды армандапты. Тіпті, қазақстандық клубтардың бірі оған келісімшарт ұсынып, бірақ жалақысы қолына тимейтінін айтқан. Осылайша Азаматтың футболшы болу арманы орта жолдан үзіліпті. Александр Марочкин екеуі бала кезден бірге футбол ойнаған. Азамат қазір ұлттық құрама сапында ойнайтын Марочкиннің болашағы барын сол кезден байқаған екен. Бірақ, Өзбекстаннан көшіп келген тағы бір...
Published 01/27/24
Балауса Мұздыманды сыртынан көрген адам гимнаст (көркем) деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол – күрзі жұдырық иесі. Ұрда-жық спортында мұндай да сұлу арулар болады екен-ау! Сол бокстағы аруымыз көктемде Америка асып, кәсіпқой бокстағы карьерасына дем беруді жоспарлап отыр. Бірақ ұлттық құрамаға да оралып, биыл Париж олимпиадасында, одан бөлек Астанада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуды мақсат тұтып отыр.  Балауса неге Ангелина Лукасты місе тұтпайды? Ол неге ұлттық құраманың...
Published 01/26/24
Құралбек Ордабаев - қазақтың Лев Яшині. Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов сияқты қазақ футболының аңызы.  Кеңес уақытында алматылық "Қайрат" клубы ұлттық құраманың рөлін де атқарды. Сол команданың қақпасын Құралбек Ордабаев 11 жыл торуылдап, атақ пен даңққа, жанкүйерлердің махаббатына бөленді. Қазір даңқты қақпашы "Қайрат" клубында қызмет атқарып жүр. Айтуынша, "Қайрат" командасындағы кейбір жас футболшылар Құралбек Ордабаевты танымайды екен.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық...
Published 01/20/24
Қашанғы футбол мен бокс туралы айта береміз?! Бүгін велоспорт жайлы әңгіме қозғадық. Подкаст қонағы – белгілі журналист, велоспортты жақсы білетін Дина Тұрарқызы. Велоспорт дегенде, алдымен Александр Винокуров еске түседі. 2006 жылы мәртебелі Вуэльта көпкүндігінің жеңімпазы атанған, 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңімпазы атанған. Дина Тұрарқызы 2012 жылы жасы 39-ға келген Александр Винокуровтан ешкім жүлде күтпегенін айтты. Тіпті, мәреге бірінші болып жеткен спортшыны қарсы алғандардың...
Published 01/15/24
Биыл ҚПЛ қалай өтеді? Түсірілім сапасы реттеле ме? Стадиондар жөндеуге жабылса, кей клубтар қайда доп тебеді? Неге Қазақстанда футболға миллиардтап ақша бөлінсе де инфақұрылым мәселесі  шешілмейді? Дембо Дарбоның "Астана" сапында жалақысы 12 млн теңге болғанына кім кінәлі?  Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Уәлихан Қосанбай футболға бөлінетін миллиардтар мен басқа олимпиадалық спортқа бөлінетін миллиондарды айтып, біраз дауласып қалды. Подкастың шамамен 10 минуты Қуат Хамиттің...
Published 01/07/24
Бірақ боксшыларымыздың кейінгі нәтижесі сиырқұйымшақтанып кетті. Ташкентте топ жарған жігіттердің көбі Азия ойындарында биіктен көріне алмады. Себебі неде? Тоқмейілсіп кетті ме, чемпиондар жаттығу залына емес, той-томалаққа әуес болып алды ма? Ұлттық құрама жігіттерінің босаңсып кеткенін Федерацияның ресми өкілі де мойындап отыр.  Бүгінгі подкастың қонағы - Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов. Әзиз Қожамбетов әңгімені "Чемпиондар түні" бокс кешінен бастады....
Published 01/07/24
БІРІНШІ БОЛ жылды қорытындылау үшін бір топ спорт комментаторының басын қосты. Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев, Ерсін Ерік секілді белгілі комментаторлар 2023 жылдағы спорттағы жетістіктер мен "әттеген-ай" дейтін тұстарымызға тоқталды. Ермұхамед Мәулен ұрда-жық (UFC, MMA, бокс) спортшыларды БАТЫР деп төбеге көтеруді дұрыс деп есептемейтінін айтты. Эльдар Аманбаев компромат жинап жүрген комментатор екен. Ол жақында волейболдағы былықтарды жайып салатынын...
Published 12/31/23