Әлемдегі ең сұлу боксшымен подкаст: "Жігітім жоқ. Қойшының қызымын. Бекзат Саттарханов - кумирім"
Listen now
Description
Балауса Мұздыманды сыртынан көрген адам гимнаст (көркем) деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол – күрзі жұдырық иесі. Ұрда-жық спортында мұндай да сұлу арулар болады екен-ау! Сол бокстағы аруымыз көктемде Америка асып, кәсіпқой бокстағы карьерасына дем беруді жоспарлап отыр. Бірақ ұлттық құрамаға да оралып, биыл Париж олимпиадасында, одан бөлек Астанада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуды мақсат тұтып отыр.  Балауса неге Ангелина Лукасты місе тұтпайды? Ол неге ұлттық құраманың жалақысынан бас тартты? Неге чемпион болған боксшы жігіттерді халық басына көтереді де, қыздар елеусіз қалады? Міне, подкаста осы туралы әңгіме өрбіді. Одан бөлек, Балауса Мұздыман отбасы жайлы, боксқа келуі жайлы бұрын-соңды еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті. 
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24