Қуат Хамиттің сөзінің жаны бар, бірақ оған футболшылар кінәлі емес - Азамат Рзағалиев
Listen now
Description
Азамат Рзағалиев – вайнер, актер және футбол жанкүйері. Өзі де бала күнінде доп теуіп, профессионал футболшы болуды армандапты. Тіпті, қазақстандық клубтардың бірі оған келісімшарт ұсынып, бірақ жалақысы қолына тимейтінін айтқан. Осылайша Азаматтың футболшы болу арманы орта жолдан үзіліпті. Александр Марочкин екеуі бала кезден бірге футбол ойнаған. Азамат қазір ұлттық құрама сапында ойнайтын Марочкиннің болашағы барын сол кезден байқаған екен. Бірақ, Өзбекстаннан көшіп келген тағы бір талантты қазақ жігітінің жолы болмағанын айтып өтті. Оған біздегі футбол менеджерлерін кінәлады.  Айтпақшы, Қазақстанда футболдағы жемқорлық жайлы сериал түсірілмек екен. Шамамен "Сәке" сериалы сияқты болмақ. Қалған қызықты білгіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп, Азамат Рзағалиевтің әңгімесіне құлақ түріңіз. Сайтымыз: https://1bol.kz/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24