Episodes
Қазақстанда Допингке қарсы ұлттық орталық жұмыс істейді. Жыл сайын Германияға 3000 допинг сынамасын өткізеді екен. Мемлекеттен миллиардтар бөлінетін бұл орталық кімнің мүддесі үшін жұмыс істеп отыр? Спортшылардың бірі 38 рет допинг сынамасын өткізген? Орталықтың көксегені не? Бұл мәселені БІРІНШІ БОЛ подкастында белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов көтерді.  Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай және Аслан Қаженов жылды қорытындылап, спорттағы реформа, допинг мәселесі, Париж олимпиадасы жайында...
Published 12/31/23
Қазір доп теуіп жүрген футболшылар ашылып әңгіме айта алмайды. Өтйкені әр айтқан "шындығы" карьерасына сызат түсіріп, қудалауға ұшырауы мүмкін. Ал, Самат Отарбаев болса бутсысын шегеге іліп, кәсіби футболдағы карьерасын аяқтаған адам. Бүгін бүкпесіз әңгіме болды. Самат Отарбаев "Ордабасы", "Ақтөбе", "Тараз" секілді клубтардың қақпашысы болған. 2020 жылы небәрі 30 жасында карьерасын аяқтап, кәсіби футболмен қош айтысты. Самат әлі де ойнағысы келеді екен? Бірақ футболдан кетуіне не түрткі...
Published 12/26/23
Бірінші минуттан бастап қамшы салдырмады. Анекдот та айтты, пәлсапалық пайымын да ортаға салды. Нұрлан Еспанов футболдан алыс емес. Жасы 50-ге келсе де үнемі доптың соңында жүр. Қазақстан ұлттық құрамасының амбассадоры. Ол жастарға жанашыр болғысы келеді. Егер таланты тасып тұрған, футболға деген махаббаты зор үш бала табылса, бәріне қымбат бутсы (оригинал – жейдесі, шортысы, гетры) сыйлайтынын айтты. Айтпақшы, Нұрлан Еспанов футбол функционеріне айналса (агент), Қазақстан футболын...
Published 12/24/23
Арман Пірманов футбол клубын ашқысы келеді, тіпті шығыны мен командаға алатын ойыншыларына дейін есептеп, жоспарын жасап қойған. Одан бөлек, блогер Испанияға сапары, ондағы футбол менеджменті туралы сөз қозғады. Маманның айтуынша, киберспортта ақша өте көп. Тіпті, жүлде қоры футболдан әлем чемпионатынан да (Мундиаль) асып түседі. Подкаста балалар футболын дамытпай отырған, инфрақұрылым мен база салмаған клубтардың да жайы сөз болды. Егер сіз қазақ тіліндегі сапалы жобалардың көп болғанын...
Published 12/19/23
Егер сіз қазақ тіліндегі сапалы жобалардың көп болғанын қаласаңыз, мүмгіндіңізше бізді қаржылай қолдаңыз! Көкке самғау үшін қанат керек, сол үшін сізден донат керек! https://pay.kaspi.kz/pay/0nczyqwb ҚПЛ демалысқа шықты, ұлттық құрама желтоқсанда Катар командасымен жолдастық кездесу өткізіп, ресми матчқа наурыз айында бір-ақ шығады. Осы үзілісті пайдаланып, футболдың өткені мен бүгінін әңгіме еттік. Қазақстанның ЕУРО-ға шығуына әудем жер қалды. Мұндай мүмкіндік енді бола ма, әлде тағы 30 жыл...
Published 12/19/23
Бүгінгі подкаста Әйгерім жаңа қырынан танылды. Спорттағы қиындықтар, патриотизм, Париж олимпиадасына деген жоспары туралы айтты. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9wb2RzdGVyLmZtL3Jzcy54bWw_cGlkPTg4MjUx?sa=X&ved=0CAMQ4aUDahcKEwjIhdvlquGCAxUAAAAAHQAAAAAQQQ&hl=ru Яндекс Музыка:...
Published 12/06/23
Есен Елеукен әңгімені арыдан бастады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі футбол жайлы, қазір өзі құрған үш футбол командасының болашағы жайлы әңгімелеп берді. Ұлттық құраманың да алдағы матчтары талқыланды. Гректерге қарсы мүмкіндігіміз, ұлттық құрамадағы буын алмасу процесі әңгімеге арқау болды. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Google Podcasts:...
Published 12/03/23
Токио олимпиадасын алтын ала алмаған спортшыларымыз Парижден де бос қайта ма? Олимпиада алтынын алады деп сеніммен айта алатын қандай спортшымыз бар? Бүгінгі подкастымызда осы жайында әңгіме құрдық. Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Уәлихан Қосанбай - https://www.instagram.com/ualikhan_kosanbay/ Подкаст қонағы: Аслан Қаженов - https://www.instagram.com/kazhenov.aslan/
Published 12/02/23
Бірінші бол қонағы - белгілі автоблогер Олжас Оқас. Олжас Оқас футболдан алыс емес. Әкесі талай футболшы тәрбиелеген. Соның бірі - Бауыржан Тұрысбек. Олжастың өзі де бала күнінде Юрий Перцухпен бірге доп тепкен. Подкаста Азия мен Еуропа футболы сөз болды. Одан бөлек, жарнама берушілер мен инфрақұрылым мәселесі айтылды. Словения - Қазақстан матчы да әңгімеге арқау болды. Абат Айымбетовты неге ерте шығармады? Магомед Адиев неден қателесті? Тәжірибе шешуші фактор болды ма? Алда Қазақстан...
Published 11/27/23
"Тараз" клубы Қазақстан премьер-лигасына қашан оралады? Клубта Бауыржан Исламхан, Бақтияр Зайнутдинов сияқты таланттар тағы бар ма? Бұл сұрақтарға "Тараз" футбол клубының директоры Жандос Ахметов жауап берді. Жандос Ахметов 2022 жылдың басында "Тараз" футбол клубының жетекшісі болып тағайындалды. Оған дейін клубтың қарызы 1 млрд теңгеден (3 млн доллар) асып кеткен. Қазір клубтың қарызы қанша? "Тараз" ФК директоры клуб қарызының қалай өтеліп жатқанын, "Бешикташ" Бақтияр Зайнутдиновтың...
Published 11/21/23
Нұрлан Қоянбаев ұлттық құраманың матчына арнап 20 мың ТУ тіктіру идеясы қайдан келгенін, оған қанша қаржы кеткенін және бұл челленджді тағы кімдер қолдауға дайын екенін айтты. Одан бөлек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінің түсі де сөз болды. Құрама жейдесінің түсі (сары) Нұрлан Қоянбаевқа ұнамайды екен. Продюсер ұлттық құрама жейдесі Қазақстанның туымен астасып тұрса, көк байрағымыздың элементтері көбірек болса деп есептейді. Қоянбаевтың ойынша, қазіргі футболдағы...
Published 11/14/23
Артур балаларға арналған академия ашуға не себеп болғанын, футболдағы жемқорлық пен инфрақұрылымның аздығы жайында мәселе көтерді. Одан бөлек, Қазақстанда футбол мамандарының жоқтығы саланың қарыштап дамуына тұсау болып отырғанын айтты. ЕУРО-2024 финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы іріктеуде маңызды екі матч өткізеді. Артур Сан-Марино және Словения арасындағы матчтардан қандай нәтиже күтетінін айтты. Рамазан Оразов пен Нұрәлі Әліп алдағы матчта сары қағаз алатын болса,...
Published 11/14/23
Министрліктің ресми өкілі 775 млн доллардың нақты қай спорт түрлеріне бөлінетінін, жаңадан құрылған ведомствоның алдында қандай міндеттер тұрғанын айтып берді. Азиададағы фиаско, Париж олимпиадасына дайындық мәселесі сөз болды. Диас Ахметшәріп бұдан былай министрлік тек жүлде әкелетін спорт түрлерін (олимпиадалық) ғана қаржыландыру жоспары барын атап өтті.  Спорт министрлігі Қазақстандағы 180 спорт түрін қаржыландырып келгенімен, Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан қоржынына бас-аяғы...
Published 11/11/23
Марат Оралғазин футболшылардың бойынан нендей қасиеттерді көргісі келетінін, алдағы Сан-Марино және Словенияға қарсы шешуші матчтарда ұлттық құрамадан қандай нәтиже күтетінін айтты.  Одан бөлек, спортшылардың медиа тұлға ретінде дамуы мен танымал болудың жауапкершілігі жайында сөз етті. Спортшыларды ойын бүкпесіз айтып, халық алдында мейлінше ашық болуға шақырды. Футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен де спорттағы бағытымызды, жоспарымызды айқындап алу жөнінде пікрін айтты. Көп дүние айтылды....
Published 11/05/23
Алматыда бокс шоуын өткізуге қанша қаражат керек? Кәсіпқой боксшының рингтегі карьерасы қаншаға созылады?   IBO тұжырымы бойынша чемпион болды, енді кәсіпқой бокстың шыңы саналатын WBA, WBC, WBO, IBF тұжырымдарын қашан бағындырады?   Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/  Уәлихан Қосанбай - https://www.instagram.com/ualikhan_kosanbay/  Подкаст қонағы: Жаңқош Тұраров - https://www.instagram.com/zhankoshturarov/
Published 10/30/23
"Ондай-ондай ханның қызында да болады" демекші, біздің де басымыздан өтіп жатыр. Осындай сапасыз видео үшін шымкенттік операторларға "алғыс" айтамыз. Той түсіріп әдеттенген адамға қалай ҚОЙ дейміз! Қолын қақпадық, түсіргенін жариялап отырмыз. Оларға түсірілім үшін ақысы төленді, ал біз қарымтасына сапасыз видео алдық. Кішігірім спойлер: подкаст барысында үйін ремонттап, бұрғылап (дрель) жатқан бір шымкенттіктің әрекетін анық естисіз. Үшеуара әңгіме бітетін тұста жарық сөніп қалып,...
Published 10/26/23
H тобында аш қасқырлар көп. Әзірге бұл топтан еш команда Еуро-2024 додасына жолдама алған жоқ. Словения, Дания және Қазақстан құрамалары соңғы турға дейін топтан шығуға таласады. Өйткені жолдама алуға деген мүмкіндік осы үш құрамада ғана қалды.   Бүгінгі подкаста Копенгагендегі жеңіліс (Дания), Хельсинкидегі ұлы жеңіс (Финляндия) туралы айттық.   Сырт алаңдағы екі ойынды өз көзімен көріп қайтқан белгілі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен және спорт комментаторы Уәлихан Қосанбай ұлттық...
Published 10/21/23
Бүгінгі подкаста Азия ойындарына барған спортшылардың жаттығуын, психологиялық дайындығын, спорт айналасындағы факторларды өз көзімен көріп, ел білмейтін көп дүниеге куә болған журналист Аслан Қаженов пен жарысты бастан-аяқ тамашалаған спорт жанкүйері Абырой Халықпен әңгіме құрдық.   Спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарына Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің қатыспағанына қынжылыс білдірді. Егер Қазақстанның үздік теннисшілері Азиадаға барғанда, қоржынымызға тағы екі алтын түсер...
Published 10/17/23
Сондықтан әңгіме чемпион атанғалы тұрған "Ордабасы" жайлы емес, Қазақстан ұлттық құрамасының Дания мен Финляндияға қарсы өткізетін матчтары туралы болды.   Комментаторлардың табысы жайлы, эфирдің толықтай қазақ тіліне көшуі туралы сөз болды. Қазақстандағы интеллектуалдық қызмет дұрыс бағаланбайтыны айтылды.   Абыройсыз Азиада - Қытайға бір қора болып барып, 48 қола арқалап қайтқан спортшылардың болашағы талқыланды.   https://1bol.kz/ - спорт, махаббат, мәдениет   Подкаст...
Published 10/08/23
Чемпиондық "Ордабасы" командасына не береді? Шымкенттік команданың ел чемпионы болуына қандай факторлар әсер етті?   ФИФА неге Астанадан кеңсесін ашқысы келіп отыр? Болашақта Өзбекстан мен Қазақстан елдерінің футболдан әлем чемпиоанатын бірлесіп өткізе алатын әуселесі бар ма?   Футбол бар – инфрақұрылым тапшы, клубтар жеткілікті – стадиондар Еуро стандартына сай емес.   БІРІНШІ БОЛ подкастының қонақтары биыл олжалы болған "Ордабасы" мен еліміздегі футбол инфрақұрылымы жайлы мәселе...
Published 10/01/23
Сәкен Бибосыновтың екінші айналымдағы жеңілісі, Париж олимпиадасына әзірлігіміз, өзбек боксшыларының Азиядағы үстемдігі туралы сөз болды.   Подкаст жүргізушісі: Олжас Байбосын - https://instagram.com/olzhas_baibosin Подкаст қонақтары: Уәлихан Қосанбай - https://instagram.com/ualikhan_kosanbay Бауыржан Рысбек - https://instagram.com/baurzhan_rysbek
Published 09/29/23
Ұйқыңызды қиып көріп шықсаңыз өкінбейсіз. Тозығы жеткен ескі стадиондар мен миллиардтарға салынған сапасыз спорт кешендері туралы, балалар футболы жайлы айтылды.   Жақында ғана ҚПЛ аясында өткен Астана - Ордабасы матчының нәтижесі сөз болды. Тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атануға шақ тұрған Ордабасының алдағы мүмкіндігіне болжам айтылды.   Ниеті түзу болғанымен, амалы "қисық" бағдарлама - "Оле Бразил" туралы да сөз болды.   Спикерлер Қазақстан чемпионатын лигаларға бөлу...
Published 09/25/23
Қазір кәсіпқой бокста жүрген Абылайхан алдағы жекпе-жегі, мақсаты, жоспары туралы айтып берді. Одан бөлек, екі бірдей олимпиададағы сәтсіздігі туралы (Рио-2016, Токио-2020) тоқталды.   Кейіпкеріміз боксшылардың басты үрейі - білім алу, тіл үйрену, жеке тұлға ретінде даму жайында да пікірін айтты.    Абылайханды сүйреген Серік Сәпиев пе? Ұлттық құрамадағы боксшыларға психолог әйелдердің қызметі расымен керек пе? Алдағы жазғы Азиадада қазақстандық боксшыларды не күтіп тұр? Ұлттық құрамаға...
Published 09/23/23
Подкаст қонақтары - футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен және Ақтөбедегі атақты "13-сектор" негізін қалаушылардың бірі Аршат Ораз.   Бұл подкаста да көп қызық айтылды. "Ақтөбе" фанаттарымен айтысып қалған Асхат Тағыберген кейсі, мәреге жақындағанда ұпай жоғалта бастаған "Ордабасы" жайлы, футболдағы маркетинг, УЕФА ұйымының қазақстандық клубтарға деген көқарасы сөз болды.   Одан бөлек, алдағы маусымда "Тобыл", "Атырау", "Ақтөбе", "Жетісу" клубтарын қандай тосын жаңалық күтіп тұрғаны жайлы...
Published 09/17/23
Мәселе, сол ЕУРО іріктеуі жайлы. Қазақстан құрамасының әуселесі, мүмкіндігі туралы. Н тобына жиналған Дания, Финляндия, Словения сияқты аш қасқырлар Қазақстанға "жол ашып" бере ме?   Қазақстан енді тек Сан-Мариноны ғана жеңуі мүмкін. Сырт алаңда Дания, Финляндия, Словенияға қарсы ойында 9 ұпайдан қағыламыз ба? Ұлттар лигасы – Германияға (Еуро-2024) апарар жалғыз жол ма?   Тоқаев пен Головкин барған матч, финдерден қатарынан 5-ші рет жеңілуіміз, футболшылардың физикалық дайындығы, Грузияға...
Published 09/11/23