"Ордабасы" чемпиондығы: Ермұхамед Мәулен мен Марат Достаев дауласып қалды
Listen now
Description
"Ондай-ондай ханның қызында да болады" демекші, біздің де басымыздан өтіп жатыр. Осындай сапасыз видео үшін шымкенттік операторларға "алғыс" айтамыз. Той түсіріп әдеттенген адамға қалай ҚОЙ дейміз! Қолын қақпадық, түсіргенін жариялап отырмыз. Оларға түсірілім үшін ақысы төленді, ал біз қарымтасына сапасыз видео алдық. Кішігірім спойлер: подкаст барысында үйін ремонттап, бұрғылап (дрель) жатқан бір шымкенттіктің әрекетін анық естисіз. Үшеуара әңгіме бітетін тұста жарық сөніп қалып, әпенділіктің шыңына жетеміз. Бұл подкаст осындай "қожанасыр" тірлікпен, әсіре әпенділікпен есте қалды. Қысқасы, Шымкент төрінде "Орбасының" тарихи жеңісі туралы, тырнақалды чемпиондығы жайлы сөз қозғадық. Көп қызық айтылды. Белгілі КВН-ші Марат Достаев "Ордабасы" жеңісіне қалай қуанғанын айтса, белгілі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен шымкенттік клубтың болашағы жайлы кеңінен көсілді. Сайтымыз: https://1bol.kz Подкаст жүргізушісі: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Подкаст қонақтары: Марат Достаев - https://www.instagram.com/marat_dostayev/ Ермұхамед Мәулен - https://www.instagram.com/e.maulen/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24