Ұлттық құраманың сары түсті формасы ұнамайды – Нұрлан Қоянбаев
Listen now
Description
Нұрлан Қоянбаев ұлттық құраманың матчына арнап 20 мың ТУ тіктіру идеясы қайдан келгенін, оған қанша қаржы кеткенін және бұл челленджді тағы кімдер қолдауға дайын екенін айтты. Одан бөлек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінің түсі де сөз болды. Құрама жейдесінің түсі (сары) Нұрлан Қоянбаевқа ұнамайды екен. Продюсер ұлттық құрама жейдесі Қазақстанның туымен астасып тұрса, көк байрағымыздың элементтері көбірек болса деп есептейді. Қоянбаевтың ойынша, қазіргі футболдағы жетістігімізге тек бас бапкердің емес, футболшылардың 30 жыл бойы пісіп жетілуі, қоғамның да ілгерілеп дамуы сияқты факторлар әсер еткен. Белгілі продюсер Бақтияр Зайнутдинов ("Бешикташ") пен Рамазан Оразовтың ("Копер") трансферіне қалай ықпал еткенін, болашақта қазақстандық футболшылардың Еуропаның беделді командаларында ойнауы үшін қандай "жоспар" әзірлеп отырғанын да айтты. Әкімдік қаржыландыратын отандық клубтардың да мәселесі сөз болды. Нұрлан Қоянбаев стадионына адам жиналмайтын командаларды сынға алды. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Ермұхамед Мәулен - https://www.instagram.com/e.maulen/ Подкаст қонағы: Нұрлан Қоянбаев - https://www.instagram.com/koyanbayevnurlan/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24