Марсело лайк басты. Маған "мал" деп жазған адамды тауып алдым - Нұрлан Еспанов
Listen now
Description
Бірінші минуттан бастап қамшы салдырмады. Анекдот та айтты, пәлсапалық пайымын да ортаға салды. Нұрлан Еспанов футболдан алыс емес. Жасы 50-ге келсе де үнемі доптың соңында жүр. Қазақстан ұлттық құрамасының амбассадоры. Ол жастарға жанашыр болғысы келеді. Егер таланты тасып тұрған, футболға деген махаббаты зор үш бала табылса, бәріне қымбат бутсы (оригинал – жейдесі, шортысы, гетры) сыйлайтынын айтты. Айтпақшы, Нұрлан Еспанов футбол функционеріне айналса (агент), Қазақстан футболын насихаттау үшін Арсен Венгер, Зиденин Зидан, Роналдиньо сияқты футбол тұлғаларын елге әкелгісі келетін арманын жасырмады. Нұрлан Еспанов жақында қазақтың бір талантты баласын "Трабзонспор" клубына апарып, түрік скауттарына таныстыруды жоспарлап отыр екен. Ол "нағыз талант – талантты тани білген адам" деп есептейді. Қазақтың талантты балалары әлемдік клубтарда доп тепкенін шын қалайды. Подкасты соңынан дейін көріңіз, егер осы шығарылым 10 мың лайк жинаса, Нұрлан Еспанов тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болып, бұрын-соңды еш жерде айтпаған әңгімесін бөлісуге уәде берді. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9wb2RzdGVyLmZtL3Jzcy54bWw_cGlkPTg4MjUx?sa=X&ved=0CAMQ4aUDahcKEwjIhdvlquGCAxUAAAAAHQAAAAAQQQ&hl=ru Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/27909405?dir=desc&activeTab=about Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Ермұхамед Мәулен - https://www.instagram.com/e.maulen/ Подкаст қонағы: Нұрлан Еспанов - https://www.instagram.com/espanov_n/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24