Серік Сәпиевті бапкері шапалақпен бір тартты - Абылайхан Жүсіпов
Listen now
Description
Қазір кәсіпқой бокста жүрген Абылайхан алдағы жекпе-жегі, мақсаты, жоспары туралы айтып берді. Одан бөлек, екі бірдей олимпиададағы сәтсіздігі туралы (Рио-2016, Токио-2020) тоқталды.   Кейіпкеріміз боксшылардың басты үрейі - білім алу, тіл үйрену, жеке тұлға ретінде даму жайында да пікірін айтты.    Абылайханды сүйреген Серік Сәпиев пе? Ұлттық құрамадағы боксшыларға психолог әйелдердің қызметі расымен керек пе? Алдағы жазғы Азиадада қазақстандық боксшыларды не күтіп тұр? Ұлттық құрамаға қайта оралғысы келе ме? Геннадий Головкин ең соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізгелі жатыр ма?    Бүгінгі БІРІНШІ БОЛ подкастында қонағымызбен осы және басқа да тақырыптарда кеңінен әңгімелестік.   Подкаст жүргізуші: Олжас Байбосын https://www.instagram.com/Olzhas_baibosin/ Подкаст қонақтары: Уәлихан Қосанбай https://www.instagram.com/ualikhan_kosanbay/ кәсіпқой боксшы Абылайхан Жүсіпов https://www.instagram.com/jussupov_ablaikhan/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24