"Ордабасы" чемпион болғанда аздап қызғандым - Отарбаев неге 30-ында карьерасын аяқтады?
Listen now
Description
Қазір доп теуіп жүрген футболшылар ашылып әңгіме айта алмайды. Өтйкені әр айтқан "шындығы" карьерасына сызат түсіріп, қудалауға ұшырауы мүмкін. Ал, Самат Отарбаев болса бутсысын шегеге іліп, кәсіби футболдағы карьерасын аяқтаған адам. Бүгін бүкпесіз әңгіме болды. Самат Отарбаев "Ордабасы", "Ақтөбе", "Тараз" секілді клубтардың қақпашысы болған. 2020 жылы небәрі 30 жасында карьерасын аяқтап, кәсіби футболмен қош айтысты. Самат әлі де ойнағысы келеді екен? Бірақ футболдан кетуіне не түрткі болды? Пандемия ма, жазықсыз жала ма? 2016 жылы "Ақтөбе" – "Ордабасы" арасындағы матч дауға айналғанын білесіздер. Сол кезде "Ақтөбе" қақпасында Самат Отарбаев тұрды. Экс-қақпашы бұл ойынның "келісілген матч" екенін мойындамайтынын айтты. Самат Отарбаевтың тәжірибесінде "келісілген матчтар" болды ма? ҚПЛ-да қандай былықтар бар? Ойыншылар сатыла ма, әлде төрешілер ме? Италия ойыншысы Сандро Тонали өзі ойнаған матчқа бәс тігіп, басы дауға қалды. Ал Самат Отарбаев "Тараз" клубында жүргенде екі рет автогол жасаған. Қақпашыны жанкүйерлер сол кезде неге сынады? Неге ҚПЛ-де автогол көп болады? Одан бөлек, Самат Отарбаев 2016 жылы "Ордабасы" клубынан өз қалауымен кетпегенін айтып, базынасын жеткізді. Десе де, "Ақтөбе" клубына ауысқанына өкінбейтінін, бүгінде оны "Ордабасы" жанкүйерлері емес, "ақтөбеліктер" көбірек танитынын жасырмады. Сайтымыз: https://1bol.kz/ Басқа платформалар: Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B1%D0%BE%D0%BB/id1713061004 Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9wb2RzdGVyLmZtL3Jzcy54bWw_cGlkPTg4MjUx?sa=X&ved=0CAMQ4aUDahcKEwjIhdvlquGCAxUAAAAAHQAAAAAQQQ&hl=ru Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/27909405?dir=desc&activeTab=about Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/olzhas_baibosin/ Ермұхамед Мәулен - https://www.instagram.com/e.maulen/ Подкаст қонағы: Самат Отарбаев - https://www.instagram.com/otarbayev/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24