Илья Ильиндікі - алаяқтық. Спортшыларымызды өзіміз допингпен ұстап беріп жатырмыз
Listen now
Description
Қазақстанда Допингке қарсы ұлттық орталық жұмыс істейді. Жыл сайын Германияға 3000 допинг сынамасын өткізеді екен. Мемлекеттен миллиардтар бөлінетін бұл орталық кімнің мүддесі үшін жұмыс істеп отыр? Спортшылардың бірі 38 рет допинг сынамасын өткізген? Орталықтың көксегені не? Бұл мәселені БІРІНШІ БОЛ подкастында белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов көтерді.  Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай және Аслан Қаженов жылды қорытындылап, спорттағы реформа, допинг мәселесі, Париж олимпиадасы жайында сөз қозғады.  Жуырда бокстан ұлттық құрама капитаны Асыланбек Шымбергенов Астанада өткен "IBA чемпиондар кешінде" мексикалық Хосе Мигель Боррегомен жекпе-жек өткізіп, нокдаун алды. Құрама лидерінің жеңілісі Париж олимпиадасы қарсаңында психологиялық соққы болуы мүмкін бе? Одан бөлек, спорттағы ғылым сөз болды. Аслан Қаженов Қазақстанда кейбір спорт бапкерлері баланы 5-6 жасынан бастап бокс мектебіне алып, болашағына "балта шауып" жатқанын айтты.  Спорт сарапшылары 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасында кімдер жүлделі болатынын да айтты. Арасында инсайд ақпарат та бар.  Подкасты соңына дейін көріңіз. Қазақ спортындағы біраз мәселе айтылды.  
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24