Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?
Listen now
Description
БІРІНШІ БОЛ алғаш рет хоккей тақырыбына подкаст арнап отыр. Қонақтар - белгілі хоккей комментаторы Жігер Әзберген және хоккей клубтарының баспасөз саласында істейтін Бекежан Ардақұлы. Қазақстан хоккейі дегеніміз тек "Барыс" емес, қазір ұлттық құрамада жүрген жігіттердің дені Ресейдің, Еуропаның клубтарында ойнап жүр. Бұл ішкі бәсеке үшін де, Қазақстан хоккейінің болашағы үшін де маңызды. "Барыс" неге биыл бәрінен жеңіліп жатыр? Командаға реформа керек пе?  Атақты NHL-де ойнайтын қазақ баласы қашан шығады? Бексұлтан Мақыштың болашағынан не күтеміз? Бүгінгі әңгімеде осы және басқа да мәселелерді сөз еттік. Сайтымыз: https://1bol.kz/
More Episodes
Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.  Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.  Актердің...
Published 04/28/24
Published 04/28/24
Дұрыс тәжірибе. Өйткені, футболшының әрекетіне баға беруге моральдық құқы бар. Тьерри Анри шабуылшының, Гари Невилл қорғаушының әрекетіне дәл бағасын беріп, басым тұсы мен осал жерін дөп басып айта алады. Енді біз осы тәжірибені БІРІНШІ БОЛ жобасында жасағалы отырмыз. "Бірінші бол" – қазақ...
Published 04/27/24