Episodes
Осыған орай "Әдебиет әлемі" хабарының кезекті санын жазушының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналды. Толық ақпарат "Әдебиет әлемі" хабарының аудионұсқасында. Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейтова. Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.
Published 10/14/20
Published 10/14/20
«Әдебиет әлемі» хабарының осы санында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы сөз еттік. Жүрсін Ерманның аты аталса, алдымен «айтыс» еске түседі. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы биден» келе жатқан сөз өнеріне Кеңес дәуірінде тұсау салынып жатқан тұста Жүрсін ақынның келуімен айтыс өнері кең тыныстап, бағы ашылды. Республиканың түкпір-түкпірінен азулы ақындарды шақырып, айтыс додасына...
Published 02/12/20
«Əдебиет əлемі» хабарының кезекті саны Сүйінбай атындағы Алматы обылыстық филармониясының музыкалық редакторы, ақын Жангелді Немеребаевтың шығарманылығы мен өмірдерегіне арналды. Алматы, Талдықорған, Үшарал қалаларында жеке шығармашылық кештері өткен. Жырлары Республикалық басылымдарда жарық көрген. Әндері Қазақ радиосының "Алтын қорына" қабылданған. Еңбек жолын Алакөл ауданы Екпінді ауылында Мәлгәждар Әубәкіров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. Үшарал...
Published 02/10/20
Дәулеткерей Кәпұлы қаймағы бұзылмаған көшпелі қазақтың салт-санасын бойына сіңіріп өскен. Ұяда алған тәлім-тәрбиесін ғұмыр жолына өмірлік серік еткен қаламгер. Алты алашқа айтыс өнері арқылы танылып, әдебиет әлемінде өз орнын қалыптастыра білген, халықаралық әдеби додалардың жеңімпазы.
Published 02/05/20
Ұлт болашағына күйінген қаламгер болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Шәкірттеріне "адам бол, өнер үйрен" деп талап қоятын ұлағатты ұстаз Ықылас Ожайұлының қаламгерлік жолдағы адалдығы көпке үлгі. Сөзді тудыру, алдыңдағы параққа іштегі тұнған ойды дәлме-дәл түсіру көптің қолынан келе бермейді.
Published 01/29/20