Episodes
OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой...
Published 04/17/24
8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаулы күн қалса да әлі ала алмай келеді. Осы ретте, Айгерім және Мөлдірмен әкімдіктің шеруден қорқу...
Published 03/01/24
Published 03/01/24
"атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым. Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді болған барша аудитория мүшелеріне алғыс білдіремін. Бақытгүл Салыхова инстаграм парақшысы -...
Published 02/12/24
OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел...
Published 02/01/24
Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы. Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен келін" жағдайы, қоғамдық жұмыстың жеке басқа әсері туралы да талқыладық. Назеркенің YouTube арнасы -...
Published 01/09/24
Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ибраимова Лаура Қолғанатқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмын. Аралдағы...
Published 12/27/23
OY-DETOX қонағы - Айна Задабек, PR және тіл маманы. Айнамен жылы эпизодымызды міндетті түрде тыңдаңыздар! Маған ерекше ұнаған, іштей қажып жүрген өзім үшін дер кезінде болған әңгіме болды. Қазақ тілі туралы сөйлесуден не үшін шаршамауымыз керек? Тәуелсіздік пен тіл қатар жүретін ұғым ба? Тіл үйрену лайфхактары қандай? Қазақ тіліне жетпейтін не: саяси жігер не адами жігер? Осы және өзге де сұрақтар аясындағы біздің қызықты ой-талқымызды тыңдап, өз пікіріңізді ортаға...
Published 12/15/23
OY-DETOX қонағы - Асқар Ақшабаев, 1fit негізін қалаушылардың бірі. 1fit - Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан стартаптардың бірі. 1 абонемент алып, Қазақстанның 10 қаласында орналасқан серіктес спорт-залдарының кез келгеніне кез келген уақытта баруға мүмкіндік беретін қызмет. Осы ретте, 1fit негізін қалаушылардың бірі Асқар Ақшабаевпен кездесіп, кезінде бес жігіт қосылып ашқан стартаптың бүгінде жетістікке жету құпиясын сұрап-білуге тырыстық. !!! Эпизод соңында байқау бар! Дедлайн - 31...
Published 12/10/23
Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті. Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физикалық зорлық-зомбылық тақырыбына алып келе берді. Zertteu Research қорының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы...
Published 12/04/23
OY-DETOX қонағы - танымал интервьюер Тимур Балымбетов. Тимур өз шығарылымдарында зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтеретін замандастарымыздың бірі. Осы ретте, біз Тимурмен қазір қоғамда үлкен дискуссия тудырған тақырып - Салтанаттың өлімі, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өршуі, бұған ер-азаматтардың позициясы мен әлеуметтік желідегі тараптар қақтығысы мен хайп туралы сөйлестік. Сондай-ақ, Тимур мемлекеттік тапсырыс пен цензура туралы өз ойын ортаға салып, сұхбатқа дайындалу, қонақтарды...
Published 11/22/23
С украинской художницей и культурологиней Мариам Найем я познакомилась в Праге, на конференции Unlock. Прослушав ее презентацию на тему Let's talk about Volya, я сразу же решила с ней записать эпизод своего подкаста. Она меня безумно впечатлила и тронула, а каждое ее слово, сказанное с большой сцены вызывало во мне бурю эмоций.  Мы поговорили о роли родного языка в деколонизации, войне, русском мире и информационном поле, либеральных СМИ и о себе. Таймкоды: 00:00 - приветствие 01:27...
Published 08/03/23
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері,  «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім. Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп,...
Published 06/22/23
OY-DETOX қонағы - дінтанушы Асылтай Тасболат. Біз дінтану ғылымы, ислам құқығы, орамал дауы мен исламдағы әйел орны туралы сөйлестік.  - Дінтанушы деген кім? - Қазіргі ислам ақыл-ойы дегеніміз не? - Исламда әйелдің орны қандай? - Ислам модернизмі дегеніміз не? - Бүгінгі орамал дауының себебі қандай? Осы және өзге да сұрақтарға жауапты эпизодтан таба аласыздар.  Асылтай Тасболаттың Инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assyltay_tasbolat/ TEDxAstana-дағы сөзі -...
Published 05/25/23
Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме? Осы туралы "Тасадағы әйелдер" жобасы аясында дайындалған "Әйел және саясат" шығарылымында ой тарқатып, мәселенің мән-жайын түсінуге тырысып көрейік. Тасадағы әйелдер - OY-DETOX арнасында...
Published 05/21/23
#ӘйнелӘмірхан #OYDETOX #АлияАхметова #женскийбизнес Второй эпизод OY-DETOX на русском языке с Алией Ахметовой, основательницей отечественного бренда Hey, Baby. Мы поговорили - о великих казахстанских женщинах и о том, почему мы так мало о них знаем; - о том, что значит быть мамой сегодня; - о женском и мужском бизнесе; - о важности женской поддержки и о многом другом. Инстаграм Алии - https://www.instagram.com/_aliya_akhmetova/ Инстаграм бренда Hey, Baby -...
Published 04/05/23
OY-DETOX қонағы - коуч, инфобизнесвумен Роза Әшірбаева. Біз Розамен инфобизнес, инстаграм этика, инстаграмда ақша табу мүмкіндігі, әйел құқығы, қаржы пирамидасы мен қоғамның негізгі проблемасы туралы сөйлестік.    Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/   Роза Әшірбаеваның инстаграмы - https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/   Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. YouTube сілтемесі -...
Published 03/10/23
2023 жылдың алғашқы эпизодын өте маңызды тақырыптардың бірі - білім беру саласына арнап отырмыз. Мен Teach For Qazaqstan қорының басшысы Гүлнара Салменмен білімдегі теңсіздік, балалар кедейлігі ұғымы және Teach For All, Teach For Qazaqstan бастамаларының пайдасы туралы сөйлестім. Сондай-ақ, Гүлнар ұстаздарға, педагогика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистрантарына, басқа салада істейтін, бірақ ұстаз болуды армандап жүрген барлық жанға арналған байқау туралы айтып берді. Егер: -...
Published 01/24/23
Карима Мәлік - 20 жасында 35 мемлекетте болып үлгерді. Оның бәрі тиімді жоспаулардың арқасы дейді өзі. Бүгінде өзі меңгерген тиімді саяхаттың қыр-сырымен өзгелермен де бөлісуде. Біз Каримамен қаржылық сауаттылық, арзан саяхат жолдары, алғашқы миллион, қазақ тілі мен ұлттық код туралы сөйлестік.  OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel  Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме -...
Published 12/14/22
Әйгерім Бегімбет - санаулы фотожурналист қыздардың бірі. Фотоаппаратын арқалап ауыл-ауылды аралап, еңбек адамының өмірін көрсетуден жалықпайды. Әйгеріммен Түркістан төрінде кездесіп, фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы сөйлестік. - фотожурналистика дегеніміз не?  - кейіпкерлерді қайдан табуға болады?  - фрилансер-журналистің табысы бар ма?  - Үркер сыйлығы не үшін берілді?   осы және өзге сұрақтар аясында өрбіген әңгімені тыңдаңыздар!      OY-DETOX-ты...
Published 12/07/22
OY-DETOX қонағы - медиа және кино зерттеуші, журналист Молдияр Ергебековпен журналистік этика, гендерлік теңдік, мемлекеттік тапсырыс пен Дос-Мұқасан фильміндегі олқылық туралы сөйлестік. - Медиа этика дегеніміз не? - Мемлекеттік тапсырыстың пайдасы бар ма? - Қазақ тілі мен қазақ әйелінің тағдыры неге ұқсас? - OY-DETOX TALQY мен гендерлік теңдіктің байланысы қандай? - Құрманай Омарова деген кім? Осы және өзге де сұрақтар аясындағы ой-талқыны тамашалаңыздар! OY-DETOX-ты қолдаушылар...
Published 11/29/22
Первый гость выпуска на русском языке - Данияр Косназаров, политолог, социолог, исследователь поколений и поп-культуры. Мы с Данияром поговорили о кейсе Рамиля Мухоряпова, самоидентификации и поисках себя, новой этике и о том, что значит быть мужчиной сегодня.    Данияр в Инстаграмм - https://www.instagram.com/kosnazzar/   Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/    Посмотреть выпуск можете по данной ссылке на YouTube https://youtu.be/vD_EW6kqDSc
Published 11/02/22
Егер қазір  - қандай да бар ізденісте жүрсеңіз,  - мамандығыңыз, қызмет істеп жатқан ортаңыз ұнамаса,  - орта жолда салаңызды ауыстыруға қорқып жатасаңыз,  - мектеп түлегінің ата-анасы,  - не биыл оқуға түсе алмаған оқушы болсаңыз, онда осы эпизодты міндетті түрде қараңыздар.   Осы және өзге де көптеген сұрақтарға профориентолог Санелай Қуанышбекова жауап береді. Біз орта жолда мамандық ауыстыру машақаты, қорқыныш пен жаңа мүмкіндіктер туралы сөйлестік.   Менің арнама жазылып, лүпіл...
Published 10/05/22
OY-DETOX-тің кезекті қонағы - YouTube және Tik-Tok продюсері Бекжан Нурадин. Бұл эпизодта біз YouTube-та пайда табу жолдары, контент немесе сапа дилеммасы, хайп қуу мен аудиториямен ойнау стратегиясы, мүгедектік пен мүмкіндіктер туралы сөйлесетін боламыз. Егер контент жасап, YouTube немесе Tik-Tok саласын жаңадан меңгеріп жүрген маман болсаңыз, біздің әңгімемізді міндетті түрде тыңдаңыздар! Менің арнама жазылып, лүпіл басып, комментарий қалдыруды ұмытпаңыздар. OY-DETOX-ті қолдаушылар...
Published 09/20/22
Түрлі ресми мәліметтер бойынша елімізде 4000-ға жуық адвокат бар екен. OY-DETOX қонағы Аида Өтесін еліміздегі ең жас адвокаттардың бірі. Біз Аидамен Мамандықты таңдау, іздену және қолдау маңыздылығы, Бүгінгі таңда елімізде адвокатураның жағдайы, Адвокаттық лицензия алу талаптары, танымал адвокат Джохар Утебековке жұмысқа тұру мүмкіндіктері, қазақ тіліндегі істер, судьялардың деңгейі мен замандастарымыздың құқықтық сауаттылығы туралы сөйлестік.  Аида Өтесіннің инстаграм парақшасы -...
Published 09/07/22