Episodes
Кезекті подкасттың қонағы, экобелсенді - Алмагүл Омарова. Instagram әлеуметтік желіде Алмагүлдің eco_astana парақшасы бар. Бір жарым жылдай парақшаны жүргізіп жүрген экобелсенді қалай блогер болғанын тыңдармандарға айтып, тұрмыстағы эколайфхактармен бөлісті.
Published 02/25/20
Published 02/25/20
Кезекті эпизодтың қонағы, әлеуметтік желілерде танымал экоблогер, онлайн ЭкоМектептің негізін құраушылардың бірі, экобелсенді - Аида Алимбекова. Подкаст эпизоднда Аида аспаздық блоган экоға қалай көшкенін, экоөмир сүруге не түрткі болғанын және қалай экосәнді болуға болатынын айтып берді.
Published 02/17/20
Кезекті эпизодтың қонағы, instagram әлеуметтік желісіндегі eco _orta блогының авторы, экобелсенді және екі баланың анасы - Салтанат Асхатқызы. Подкаст эпизодында Салтанат қоқысты қалай сұрыптау қажет екенін түсіндіріп береді. Маркировканы қалай ажырататынын біздің подкасттан тыңдай аласыздар.
Published 02/17/20
Кезекті эпизодтың қонағы, Сулейман Демириель университеті, журналистика мектебінің ассистент-оқытушысы, экобелсенді - Оразай Қыдырбаев. Подкаст эпизодында Оразай экологияны адам құқығымен байланыстырып, қазақша контенттегі экология тақырыбында әңгімелестік. Сонымен қатар, Оразай эколайфхактармен бөлісіп айтып берді.
Published 02/12/20
Кезекті эпизодтың қонағы, "Recycle бірге" жобасының негізін қалаушыларының бірі, экобелсенді Пакизат Нұрсұлтанқызы. Бұл жобаның жұмыс істеп жатқанына 1 жылдың жүзі болды. Экосенбіліктерді ұйымдастыру команда үшін медитация екен. Сонымен қатар, алдағы уақытта экосауатты арттыратын мобайл қосымша іске қосылады. Ал Пакизаттың экоөміріндегі лайфхактарды біздің подкасттан тыңдай аласыздар.
Published 02/12/20
Кезекті подкасттың қонағы, "Жасыл аудан" ЖСШ басшысы - Нұрым Өмірзақов. Ауылдардағы экологиялық мәселенің өзекті екені баршамызға мәлім.  Нұрым Өмірзақов экологиялық мәселелердің шешімін табуды өз ауылынан бастаған. Экологиялық бағыттағы жеке кәсібін қалай бастағанын Нұрым подкастымызда айтып берді. 
Published 02/11/20
Кезекті подкасттың қонағы, биотехнолог, Narine биоөнімінің амбасадоры, "Одуванчик" дүкенінің иесі, екі баланың анасы - Ғалия Алтай. Экологияның негізі - адам денсаулығын сақтау. Екі баланың анасы Ғалияның дұрыс тамақтануға қалай көшкенін, табиғи өнімдерді пайдалану туралы пайдалы ақпаратты подкастымыздан тыңдай аласыздар.
Published 02/10/20
Кезекті подкасттың қонағы, "Сана" орталығының негізін қалаушы, экобелсенді - Назерке Құлжабай. Қоқыстың ішіндегі зияны - батареяны жинауды әдетке айналдырған Назерке тұрмыстағы эколайфхактармен бөлісті. Таныстары, достары, тіпті балалары көшеде батарея тауып алса, Назеркеге береді екен. Қазір 19 литр құтыда батарея жиналып тұрғанын кейіпкеріміз подкастымызда айтып берді.
Published 01/28/20
Кезекті подкасттың қонағы, журналист - Гүлжазира Берікқызы. "Гүлжазираның ертегілері" атты балаларға арналған шығармалары бар. Қоршаған ортаны қорғауға, жан-жануарлар әлемін құрметтеуді үйрететін ертегілердің тілі жеңіл, айтар ойы өзекті. Подкастымызда Гүлжазира ертегілерді жазуға не түрткі болғанын айтып берді. 
Published 01/28/20
Кезекті подкасттың қонағы, Назарбаев университетінің магистранты, экобелсенді - Әсем Қалиева. Магистрлік диссертациясында Әсем Нұр-Сұлтандағы тұрмыстық қалдық мәселесін зерттеген. Не себепті магистрлік диссертацияға тұрмыстық қалдық тақырыбын таңдағанын Әсем подкастымызда айтып берді.
Published 01/28/20
Подкастымыз таныстырудан басталады. Не себепті Qarlygash аталатынын түсіндіреді. Лилиана мен Назым күнделікті өмірде қолданатын лайфхактармен бөліседі.
Published 01/18/20