Episodes
EQ - кішкене түсініксіз ұғым. Эмоционалды интеллект, эмоциялық интеллект, эмоциональный интеллект деген не? Біз осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Адам өзін таныса да өз эмоциясын танымағаны қалай? Оның салдары мен себептері неде? Эмоционал адамдар өз сезімін басқара ала ма? Ол қабілетті қайтып дамытады? Бұл санда біз өзіңді толыққанды танудың маңызы жайлы сөйлесейік деп шештік. Мінезіңді біліп, эмоцияны басқару пайдасын атап өттік. Бірақ оны басқаруға бола ма? Адамның эмоциясын қай...
Published 06/07/23
Published 06/07/23
Кішкентайында "өскенде білесің" дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай жасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның бәрі түсініксіз болған. Бірақ қазір түсіндік.   Ересек өмірдің кемшіліктері мен артықшылықтарын талдап тастадық. Артықшылықтарын табу үшін біраз ойландық енді. Бірақ таптық. Сіздерді қағанаттандырар, қызықтырар, ал кейде еліктіріп әкететіндей эпизод шықты. Айтпақшы, әдеттегідей шынайы...
Published 05/23/23
Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы. Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды қалай қолдай аламыз? Жалпы, қолдау керек пе өзі? Адамға ең қатты әсер ететін эмоциялардың бірі - қайғы. Жақынын жоғалтқан адамның өмірі қалай өзгеріп, нендей қажеттіліктері болатыны жайлы талқылап, талдап, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық. Біз бұл құбылысты...
Published 04/11/23
Егер сіз көмек пен қолдау сұрап қана келетін адамдардан құлазып, достарыңызды жұбатамын деп шаршасаңыз, онда құттықтаймыз! Сіз эмоционалды қызметкерсіз! Эмоционалды қызмет чету деген не? Оны кім және не үшін көрсетеді? Сыпайылықтан айырмашылығы мен адамға әсері қандай? Ал салдары ше? Біз осы жайлы әрі эмоционалды қызмет етудің қанша қатынасқа балта шапқаны жайлы сөйлестік. Эмоционалды қызмет көрсетудің түрлері мен формалары көп. Оны достарға да көрсету жақсы, тек бәрі өз уақытында,...
Published 03/14/23
Комплимент дегеннің не екенін білесіз бе? Харассмент деген не? Ал токсик комплимент ше? Бұлардың айырмашылықтары қандай? Адам адамды не үшін мақтайды? Біз осы жайлы сөйлестік, дауластық, бір ойға келмедік. Адам адамды себепсіз мақтайды. Ал кейде арам оймен мақтайды. Біз осыны алға тартып комплимент тақырыбының түбін тестік. Дастан мен Заңғардың бастарынан өткен сәтті не сәтсіз комплимент айтылған жайттар өте көп екен. Қандай оқиға десеңіздер, тыңдап шығыңыздар! Комплиментті қалай қабыл алу...
Published 03/01/23
Біз көп сын айтамыз әрі көп естиміз. Десе де кейде сын сындырып жатады. Түйменің жаңа маусымында бұл тақырыпты да таразылағымыз келді.  Адамды дұрыс сынау, сындырмау, жандыру мен сын қабылдау қалай жүреді? Бұл санда сіздер жылататын сын мен жымитатын сын айырмашылығын біле аласыдар. Егер нақты көмек керек десеңіз, онда біздің формуламызды қолданыңыз. Қандай? тыңдаңыз. Дастан мен Заңғардың қызық әңгімелері мен пайдалы кеңестерінің жаңа легін қабыл алыңыздар! Құрметті Түйме тыңдарманы, біз...
Published 02/18/23
Біз өсек айтқанды жақсы көреміз. Еш қысылмай айта аламыз. Бірақ оны жаман деп кім айтты? Түйменің жаңа маусымын осы тақырыптан бастадық. Жалпы, кез келген затты өсек дей аламыз ба? Өсек деген не өзі? Адамдар не үшін адамдарды өсектейді? Бұл санда сіздер осы сауалдарға жауап тауып қана қоймай, өсек айту ережелері жайлы біраз нәрсе біле аласыздар. Оның пайдасы деген бөлек әңгіме ғой. Ол туралы да айтып кеттік. Құрметті Түйме тыңдарманы, біз оралдық! Күткеніңізге, адалдығыңызға рақмет! Біз...
Published 01/31/23
Қыста тыңдармандарымызбен кездесіп керемет бір кеш жасағанбыз. Дастан да, Заңғар да біреумен жүріп қарық болмаған соң қонақтардан ақыл сұрадық. Бізге керемет оқыларын айтып, пікір бөліскен Мөлдір мен Диана ханымдарға рақмет! Бұл сан ұзағырақ, қызығырақ әрі ерекше. Қыз бен жігіт арасындағы шекралар қандай? Олар қашан жойылады? Үшінші тарап болуы шарт па? Менікі бітіп, оныкі басталатын жер қайда? Қатынасты қалай залалсыз үзуге болады? Махаббат деген не? Бір жарым сағат түйін мен күлкіге...
Published 07/14/22
Паническая атака деген сөзді естігенсіз бе? Үрей шабуылы, паникалық шабуыл - қалай атасақ та дүйім жұртқа түсініксіз ұғым. Түйменің осы санындк Заңғар мен Дастан бұл ұғымға анықтама беруге тырысты. Оның шығу себептері мен күресу жолдары жайлы көп сөйлесті. Арамызда ақыл айтар Маржан деген психолог та бар. Үрей мен үрей шабуылының айырмашылығы неде? Ол неден пайда болады? Паникалық шабуыл басталса, өзіңе әрі өзгеге қалай көмектесе аласың? Ес жиюға көмектесер жаттығулар не құралдар бар ма?...
Published 07/01/22
Өміріміз не болып кетті өзі? Түңіліп кеткендейсіз. Депрессия ме? Әлде күю ме екен? Бұл эпизодта біз маңызды жайт жайлы сөз қозғадық. Депрессияның не екенін анықтау үшін біраз ойландық. Бұл жолы бізге сарапшы досымыз Маржан көмекке келді. Маржан - психолог. Ол ментал денсаулыққа қатысты өзінің сарапшы пікірін айтты. Бұл санда сіздер депрессия деген не? Оның пайда болу себептері мен емдеу жолы не екенін біле аласыздар. Ал депрессияның эмоционал күюден айырмашылығы неде? Ал апатияның оған...
Published 06/09/22
Жаңа жыл алды көңіл күйіңіз қалай? Біздің бұл қосымша санымызда Түйме тағдыры мен өз өміріміз жайлы сөйлестік. Табысқа толы есептерден көз ала алмай, кейде көре алмай жүрген адамдар болса, онда сіз жалғыз емессіз! Жылды қорытындылап, күшіңіз таусылса, ол қалыпты жағдай. Жаңа жылға артық үміт артпау да қалыпты жайғдай. Күйген адамдардың есебі мен қызыққа толы қорытындысына құлақ салыңыз. Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді...
Published 12/29/21
Даму жайлы көп естіген шығарсыз? Кешегіден мықтырақ болу үшін 1040 курстан өтіп, өзгеріс үшін таң шапағатын оқыған да шығарсыз. Дегенмен тұлғалық даму деген әдеттен кең ұғым. Жаңа санымызда осы ұғымды саралаймыз. Күнделікті өзгерістер мен елілеп артқан түсінікті талдаймыз. Түйменің бұл санында тұлға ретінде дамуға көмектесер тәсілдер туралы біле аласыздар. РефлЕксия, эмоционалды интеллект, адамдарды қабылдау деген не? Оның дұрыс жолдары бар ма? Абзалы қайсы? Өнімді саралау мен іштегі...
Published 11/25/21
Жаңа ортаға сіңісу оңай ма? Үйреніп, бейімделу үшін не істеуге болады? Түйменің жаңа санында Заңғар мен Дастан әлеуметтену тақырыбын талқылады. Бұл санда не біле аласыздар? 🔹 Әлеуметтену деген не? 🔹 Оның қандай кезеңдері бар? 🔹 Ортаға тезірек бейімделу үшін не істеген жөн? 🔹 Small talk деген не? 🔹 Адамдармен қоштасу амалдары қандай? Біздің өміріміздегі қайта-қайта орнайтын процесс осы - адамдарға үйрену. Бір ортаға бауыр басқанда екіншісіне сіңу керек боп жатады. Оның үстіне әр жердегі...
Published 11/02/21
Бұл эпизод тым ерекше. Түйме жүргізушілері отбасы қолдауы жайлы пайымдап, рефлексия жасаған сан. Жан жалаңаштаған соң шығарамыз ба, жоқ па деп ұзааақ ойландық. Түсінгендеріңіздей, сіздермен сыр бөлістік. Өсе келе өмірімізге орасан зор ықпал еткен адамдар - отбасы екенін ұқтық. Сол отбасының қолдауы мен қолпаштауы жайлы сөйлестік. Отбасы қолдауы неден басталады? Қалай орнап жатады? Түрлері бар ма? Өзі түрлене ме? Есейгенде қалай қабылдауға болады? Әр адамның тәжірибесі де, өмірі де әртүрлі...
Published 10/14/21
Кішкентай кезімізден бойымызға сіңіп қалған бір түсінік бар. Сол түсінікті талдауға тырыстық. Түйменің бұл санында жұрттың баласы кім/не екенін, оның пайдасы мен зияны не екенін біле аласыздар. Тек қызық зат айтайық. Бұл эпизодты жазу үшін Заңғар мен Дастан Алматы марафонына қатысып, жүгіріп шықты. Аяқты шаршатқан қадамнфң да мәні бар. Оны осы санды тыңдаған соң біле аласыз. Салыстыру мәдениеті, құнсыздандыру, бойға сіңген “жұрттың баласы” синдромы, одан арылу, оның жүгі мен өмірге ықпалы...
Published 09/30/21
Жақында Түйме авторларының туған күні. Атаулы күн алдындағы уайым мен жайсыз күй, туған күндегі сезім мен одан кейінгі өмір - осы санның басты тақырыбы.  Жаңа жасқа қатысты мақсат қойып, қорытынды жасау деген не? Ал туған күн иесіне бөлінетін назар ше? Чаттағы смс-тен шаршаған не түн ортасындағы қоңыраудан үрейленген адамдардың жаны тынышталатын өмірлі жайттар жайлы сөйлестік. Жылына бір рет келер күннің қандай артықшылығы бар? Өмірлік еркелігіңізді көрсетер сәт осы ма? Туған күнде...
Published 08/19/21
Біз оралдық! Асыға күткен әр жан алдына сүрініп жүгіріп шықтық. Түйменің жаңа маусымда Заңғар мен Дастан көп сұрақтың жауабын іздемек. Соларлың алғашқысы - демалыс мәселесі. Үш апта еңсеріп, рақаттанып демалып келдік. Күш қайнап жатыр. Ал енді сол күшті осы эпизодқа жұмсадық.  Демалыс деген не?  Оның пайдасы мен ережесі де бар ма? Тынығу үшін не істеген жөн? Ақпараттық детокс деген не?  Осы және өзге де сұрақтардың жауабын екінші маусымның алғашқы санында біле аласыз! Күлкі де аз емес. Бұл...
Published 08/05/21
Күніне неше смс жазасыз? Жұмыс барысында жазылатын бір сөйлемдік хаттар саны неше? Біз бұл эпизодта іскерлік қатынаста КҮЙДІРЕТІН хаттар жайлы сөйлестік. Хаттар дегенде хабарламалар жайлы айтамыз. Қазір адамға хат жазғанда )) қоймасаң ыңғайсызданасың, бірақ капслокпен жазатындар саны азаяр емес.  Бұл эпизод күлкілі әрі пайдалы. Хабар алысу әдебі, хат жазысу мәнері мен қоңырау шалу уақыты (спойлер: ешқашан) жайлы көп сөйлестік.  Әріппен эмоционалды күйін көрсете алатын адамдар мен оны...
Published 07/02/21
Әзіл - кез келген қарым-қатынастың таптырмас бөлігі. Ол арқылы адамдар достасады, табысады, бірақ кейде ренжіседі. Арқамыз қозғанда шек білмей артық кетер кездеріміз сирек болмайтыны өкінішті. Заңғар мен Дастан Түйменің қосымша санында осы құбылысты талқылады. Подкаст демалыста болғанымен сіздерді жаңа эпизодсыз қалдыра алмадық. Әдеттегіден қысқа санымызда айтылған заттардың мәні барынша зор. Әзілдеймін деп артық кеткен адамдар, ортаның гүлі болам дем мазақтайтын жандар мен қой дегенді...
Published 06/21/21
Бұл табу тақырыпты талдайтынымыз әлдеқашан анықталған еді. Бірақ біз жыныстық қатынас емес, ол туралы ҚАЛАЙ, КІММЕН және ҚАЙ ЖАҒДАЙДА СӨЙЛЕСПЕУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫЗ.  Бұл жыныстық сауат ашу емес, интим тақырыпты байыппен талқылау жайлы эпизод.  Заңғар мен Дастан оқыған мектеп пен өскен ортасындағы қателер қандай? Не үшін Заңғар жыныстық қатынас тақырыбын талдамайды, әрі секс сөзін ұнатпайды? Дастан өз тәжірибесі жайлы өтірік алдағаны рас па? Ал бұл тақырыпты қозғаудағы жауапкершілік...
Published 06/10/21
Адам айтуын айтып алып, артынан кешірім сұрауы – аса жағымды зат емес. Бірақ одан да күйдіретіні – адамның кешірімін міндетсінуі мен “көңіле тиер сөз тапсаң, кешір” дейтін сөздерін айтамыз. Ойлап қарасаң, түймедей зат. Бірақ неге жөні түзу емес кешірімнен кейін жеңілдік келмейді? Жөні түзу не қисығын қалай ажырата аламыз? Ашу үстінде айтылған сөз айыбын көтеру оңай ма? Өткен эпизодтарда адам ренішті манипуляция үшін қолданатынын білдік. Дегенмен оны шынымен ренжітіп қойсақ, не істейміз?...
Published 05/27/21
Туғанымыздан бастап манипуляция маңында жүреді екенбіз. Бірақ ол өзі не? Мектепте ұстаздар мен ата-аналар біздің қалауымыздан тыс жақсы оқуымыз үшін манипуляция жасайды. Кейін мамандық таңдау және т.б. Бұл қатынам моделі ескірген сияқты, себебі ресурсыңды тауысып тастайды. Бұл жолы Заңғар мен Дастан пікірі бір жерден шыққан жоқ. Араларындағы пікір келіспеушілігін түсіну үшін, оны шешу үшін осы эпизодты тыңдап қойыңыздар. Осы санды тыңдап, мына сұрақтарға жауап таба аласыз: • Манипуляция...
Published 05/13/21
Біз күнделікті көп адаммен араласамыз. Тек олар хабарласқанда “қалың қалай?” дегеннен кейін не сұрарын күтіп отырамыз. Егер осындай үрей көп болса, онда сіз тұтунышылық қатынас нысанысыз.  Ал оны енді қалай анықтаймыз? Ол қандай қатынаста болады? Жалпы, дұрыс нәрсе ме осы? Тура осындай майда әрі маңызды сұрақтардың көбіне жауап табуға тырыстық, талқыладық, талдадық. Қарым-қатынасты реттеу ше? Ол да болады. Тек дұрыс істесек болды.  Ата-ана, достар, жұбыңыз - бұл кісілердің бәрі...
Published 04/29/21
Түйменің аясында көп мәселелерді талдадық. Енді біз қолдау тақырыбын түйедей етпекшіміз. Күрсінгенде арқадан қаққан жөн бе? Әлде жылы сөздер айтып жас тыйған артық па? Қолдаймын деп қорламау амалдары қандай? Әр адам қынжылғанда әртүрлі амалмен ес жиып жатады. Сол амалдар жайлы сөз еттік. Дұрыс әрекет пен орынды сөз - жақсы қолдау формуласы. Тек әрдайым емес. Ал неге олай екенін кезекті эпизодымызда біле аласыз. Біздің жаңа эпизодты тыңдап, осында пікір жазып қолдасаңыздар болады. Бізге...
Published 04/15/21