Episodes
Blue zones немесе көгілдір аймақтар - бұл адамдар Жердегі кез келген басқа жерге қарағанда ұзақ және салауатты өмір сүретін географиялық аймақтар. Олар әлемнің әртүрлі жерлерінде кездеседі, бірақ олардың ортақ белгілері бар екені анық. Жаңа эпизодта Фейруз бен Фатима осындай blue zones’тың айрықша белгілері туралы сөйлеседі. Бұл эпизодтан нені біле аласыздар: АҚШтағы Ломалинда аумағы мен Италияға сапар Микростресстің организмге әсері Көп қозғалу әдетінің артықшылықтары Отбасылық құндылықтар...
Published 10/11/23
Published 10/11/23
Жаңа эпизодтың қонағы - дәрігер, онколог, маммолог Анаргүл Манашева. Біз сүт безі қатерлі обыры, оның алдын алу жолдары, өмір салтына қандай өзгерістер енгізу қажеттігін талқыладық. Сонымен қатар осы тақырыптарды қозғадық: Сүт безі обырын емдеудегі ғылым жетістіктері. БАД пен дәстүрлі емес медицина қолдану қаупі. Тамақтанудың маңызы қандай. Аурудың алдын алу үшін өмір салтын өзгертуді неден бастау керек. Алдын алу және скрининг. Емделуге қандай факторлар әсер етеді. Мамандарға қол...
Published 07/07/23
Подкасттың үшінші эпизодында Фейруз бен Фатима азық-түлікті алдын ала сатып алу, жоспарлау және үйдегі мәзір әзірлеу туралы сөйлеседі. Ғылыми деректермен қоса өз тәжірибелерімен бөліседі. Бонус ретінде - бір күндік мәзір. Пайдаланылған әдебиет: 1.https://www.bloomberg.com/news/articles/2022-03-25/microplastics-found-in-blood-for-the-first-time-study-says#?in_source=embedded-checkout-banner 2....
Published 05/19/23
Заманауи ғалымдар ашығудың адам ағзасына клеткалық деңгейдегі оңтайлы әсерін дәлелдеп, күнбе-күнгі өмір салтына айналдырған. Әр адамның ағзалық ерекшеліктеріне, күн тәртібіне, физикалық ауыртпалықтарына және өзге де себептеріне сай ашығудың бірнеше түрі бар. Ашығуға физикалық жаттығуды қоссақ қандай әсер болады? Осы эпизодта ашығудың пайдасы, кең тараған түрлері, оның қатарында Ораза және Фатиманың өміріндегі ашығу тәжірибесі туралы әңгімелейміз. Пайдаланған әдебиет: 1. Patterson R.E.,...
Published 04/12/23
Біздің алғашқы эпизодымыз 17 ғ. дүние жүзіне тарала бастаған сусын кофеге арналған. Кофеин және оның ағзаға әсері қандай? Кофені не үшін және қашан ішкен абзал? Қанша кесе кофе аса қауіпті? Кофенің пайдалы әсерінен зиянына көз жұмуға болады ма? Осы және басқа да сұрақтарға авторлар өз тәжірибелерімен бөліседі және ғылымға жүгінеді. Дереккөз: 1. Reuter, S. E., Schultz, H. B., Ward, M. B., Grant, C. L., Paech, G. M., Banks, S., & Evans, A. M. (2021). The effect of high‐dose, short‐term...
Published 03/09/23